ЖАЗҒЫ ДЕМАЛЫС КӨҢІЛДІ ӨТТІ
«Жаз жайнатып, күн күлдіріп, біз лагерьге барамыз» дегендей, жуырда Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің оқытушы-қызметкерлерінің 35 баласы мен 2 топ жетекшісі Щучинско-Боровская курорттық аймағындағы «Звездный» балалар сауықтыру орталығына барып келді. Оларды алдымен теміржол вокзалынан беркітілген вожатыйлар күтіп алып, топ-топқа бөліп орналыстырды. Тынығу лагерінде балалар тәулігіне бес мезгіл тамақпен қамтамасыз етіліп, бос уақыттарын спорттық-көңілді ойындармен өткізді. 10 күн ішінде Көкшенің әсем көрікті жерлерімен, атап айтқанда, «Жұмбақ тас», «Оқжетпес», «Абылай үңгірі» және көптеген көлдерді көріп тамашалады. Сондай-ақ, балалар Астана қаласына сапарлап «Бәйетерек», «Хан шатыры», «Думан» ойын-суық орталығында, орталық мешіт пен мұражайларда және т.б. жерлермен танысып, фотосуретке түсті. Тынығушыларға осы лагерь қатты ұнады.
Университет оқытушы-қызметкерлері балаларының бұл сапарын ұйымдастыруды алғаш рет Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағы Атырау облыстық ұйымының «Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университеті комитеті» Филиалы қолға алып, тікелей қаржыландыруымен іске асырды.
Қ.СҮНДЕТҰЛЫ, кәсіподақ төрағасы
-
Фото
-