Түрік елінің кәсіподақ белсенділері Қазақтандық салалық білім және ғылым қызметкерлері Оңтүстік Қазақстан облыстық кәсіподақ ұйымында тәжірибе алмасу, көрнекті және тарихи жерлермен танысу мақсатында іс сапармен болып қайтты
2016 жылдың 15 шілдесі мен 19 шілдесі аралығында, Түрік елінің кәсіподақ белсенділері Оңтүстік Қазақстан облысына келді. Кездесу барысында Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағы Облыстық комитетінің төрағасы Ә.Шалқар, облыстық кәсіподақ комитетінің жұмысы туралы және алдағы уақыттағы жоспарлары туралы хабарлама жасады.
Арнайы түзілген жоспар бойынша қонақтарды Сайрам ауданындағы Ибрагим ата, Қарашаш ана кесенелеріне, Ордабасы ауданындағы Ордабасы төбе, Қажымұқан музейі, Отырар ауданындағы Арыстанбаб кесенесін сондай-ақ, ежелгі түркі тектес халықтың астанасы атанған көне Түркістан қаласының тарихымен, тыныс тіршілігімен танысып, қасиетті Қожа Ахмет Яссауи кесенесіне зиярат етті.
Түрік елінің кәсіподақ белсенділерін төраға орынбасарлары Яшар Шахиндоган және Сами Өздемир бастап келді. Мугла, Измир, Текирдаг, Конья, Карс, Аксарай, Жонгулдак, Сакарай, Баликесир, Болу, Адана, Айдын, Денизли қалаларының кәсіподақ филиалының төрағалары және тексеру комиссиясының мүшесі Ерол Афшар білім саласы кәсіподағының жұмыстарын көріп, атқарылған жұмыс деңгейінің жоғары дәрежеде екенін айтты. Оңтүстік Қазақстан облыстық білім саласы қызметкерлері кәсіподағының бастауыш кәсіподақ ұйымдарымен бірлесіп, білім саласы қызметкерлерінің әлеуметтік- экономикалық құқықтық қорғалуын қамтамасыз етудегі жүйелі жұмыстарымен танысып, пікір алмасты. Кәсіподақ жұмысына ризалық пейілдерін танытты.
-
Фото
-