«Құлагер» демалыс аймағының ашылу салтанаты
І. Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетінің кәсіподақ комитетінің ұйымдастыруымен6 шілде күніоқытушы-профессорлар құрамы, құрылымдық бөлім қызметкерлері үшін Балқаш көлі жағасында орналасқан «Құлагер»демалыс аймағының маусымдық ашылу салтанатыөткізілді.
Алдын ала жасалған дайындық жоспары да қолдарына ерте тиді. Сондықтан-ау, Астана күніне орайластырылып ұйымдастырылған салтанатты шараға құмартушылардың қатары мол. Таңғы сағат 7-де университеттің бас ғимаратының алдында 170-тен аса оқытушы-профессорлар құрамы, құрылымдық бөлім қызметкерлері бала-шағаларымен жиналды. Жылжыған үш жолаушылар автобусының ішінде ине шаншар бос орын жоқ.Ақ жарқын, шаттыққа толы ән-жыр, орынды әзіл-қалжың ортаны көтеріңкі көңілділік кемесіне айналдырғандай сезінесің. Бір ұжым да қызмет атқарса да, бастары дәл осылай біріге бермейтін әріптестер әңгіме арнасын ағытып, жол қысқартты.
Бұл шара әріптестер үшін онша таңсық емес. Жылда келеді. Биылғы бас қосудың бір ерекшелігі – Астана және Елбасымыздың туған күнінде өткізілуі. Мұның өзі жиналғандардың рухын көтерді, - дейді университеттің қадірлі ұстазы, профессор – Қарлығаш Сарбасова. «Өте дұрыс айттыңыз!» деп, доцент Найля Жұмағалиқызы қостап жатыр. Жақсы сөзге жан семіреді дегендей, атқарылып жатқан игілікті істер айтылған сайын делебеміз қозып, ортақ пікірге араласып кеткен сәттеріміз аз болмады.
Аймақтың ашылу салтанатын университеттің аппарат басшысы,(PhD) философия докторы, з.ғ.к.Мұхтар Төлеген кіріспе сөзбен ашты. Ол ұйымдастырылып жатқан тиімді шараға ықылас білдіріп, мұның барлығы ұжым мүшелерінің жазғы демалысына арналған кешенді қызмет екендігіне тоқталды. Филология ғылымдарының докторы, профессор – Мұратбек Иманғазинов, еңбек ардагері – Өмірсерік Көпжасаров, спорт клубының жетекшісі, доцент Б. Битлеуов және тағы басқа азаматтар өздерінің шынайы тілектерін білдірді.
Аймақта демалушылар үшін барлық жағдай жасалған. Ас дайындайтын орын, демалыс бөлмелері, спорт алаңы, жанға жайлы жағажайкелушілерге мінсіз қызмет көрсетеді. «Құлагер»демалыс аймағыжыл өткен сайын қанатын жайып, ұстаздар қауымының көз қуанышына айналып келеді.
Биыл дайындыққа ертерек кірістік. Еліміздің келешегі жолында мінсіз қызмет атқаратын ұстаздарымыздың еңбегі ерен ғой. Жазғы демалыстарын оңтайлы өткізу үшін ұйымдастырылып жатқан мәдени шара бүгінен бастап, тамыз айының аяғына дейін жалғасын табады, - дейді көпшіліктің көңілінен шығуды мақсат тұтқан кәсіподақ ұйымының төрағасы.
-
Фото
-