.jpg)
Шығыстың Тарбағатай ауданының оқушыларыныңжазғы демалысынан көрініс
Астана – Елбасының тәуекелдігінің арқасында қол жеткізген, талайларға арман болған аңыз қала. Астана-жылдан-жылға көркейіп келе жатқан, келешегі жарқын қала. Ал оның келешегін жарқын ететін бүгінгі жас жеткіншектер.
Жылдағы дәстүрмен биылғы жылы Астана күні мерекесі қарсаңында Тарбағатай аудан білім беру қызметкерлері кәсіподақ ұйымының ұйымдастыруымен «2 күн, 1 түн»бағдарламасы бойынша Астана қаласына 5-9 сынып оқушылары саяхат жасап,демалып қайтты.
Бұл шараға кәсіподақ мүшелерінің балалары және көп балалы ең жас жанұябес баласымен бірге қамтылып, жалпы саны 46 оқушыны үш жетекші мұғалім, бір медбике,бір ішкі істер қызметкерінің бақылау жетекшілігімен ұйымдастырылды.
Астананың көрікті мекенінің көз тоймайтын әсемде сұлу жерлерін аралаған мектеп оқушылары саяхаттан өте жақсы әсер алып қайтты.Астанада бірден көз тартатын Байтеректің басына шығып көз қиырына шалынатын қаланы тамашалады. Сондай-ақ Бейбітшілік және Келісім сарайын, Оқушылар сарайын, мұражәйларды, Ханшатырды, Думан ойын-сауық кешені сияқты жерлерді аралады. Есіл өзенін теплоходпен жүзіп, Алатау бассейініне шомылумен жалғасты. Кешкісін түнгі Астананы аралап, әуен ырғағымен билеуші фонтанды тамашалап бейне суреттерге түсті.
Демалыстың әсерлі өтуіне білім және ғылым қызметкерлерінің Шығыс Қазақстан облыстық кәсіподақ ұйымы қаржылай көмек көрсетті.
Осылайша ауданымыздың 38 мектебінен қамтылған оқушылар осы сапар арқылы бір-бірімен танысып, достасып қайтар жолда саяхаттан алған әсерлерін бөлісумен тату-тәтті, тамаша демалыс уақытын өткізіп қайтты.
ШҚО Тарбағатай ауданы білім беру қызметкерлерікәсіподақ ұйымының төрағасы С. З. Ахметқалиев
-
Фото
-