Халықаралық ынтымақтастық дамуда
Павлодар және Новосібір облыстарының кәсіподақ ұйымдары арасындағы ынтымақтастық пен өзара әрекет туралы меморандум аясында білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподақ ұйымдарының тәжірибе алмасуы өз жалғасын тапты.
2016 жылғы 21-22 маусымда Новосібір өкілдерінің шақыруымен Павлодар облысының делегациясы құрамында Г.О.Жәркенова – облыстық кәсіподақ ұйымының құқықтық мәселелер жөніндегі бас маманы, А.Ф. Арынова – Качир ауданы кәсіподақ ұйымының төрайымы, А.В.Полозюкова – Павлодар қаласының №27 орта мектебінің бастауыш кәсіподақ ұйымының төрайымы Новосібір облысы Колывань елді-мекені мен Томск қаласында өткен «Кәсіподақ мүшелерінің құқықтық мәдениетінің қалыптастырудағы Новосібір облысының аумақтық және бастауыш кәсіподақ ұйымдарының тәжірибесі» атты семинарға қатысты.
Семинар Новосібір облысындағы Кәсіподақ мүшелерінің құқықтық мәдениетінің қалыптастыру жылы аясында өтті. Новосібір облысының білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподақ ұйымының төрайымы С.Г.Сутягина қатысушылардың назарын кәсіподақ ұйымы қызметкерлері құқықтарының негізгі бағыттарына бұрды. Біздің әріптестеріміздің баяндамалары, оның ішінде, сот үдерісіне дейінгі және кәсіподақ мүшелерінің мүдделерін сот арқылы қорғау, заңдар мен нормативтік-құқықтық актілердің сараптамалық жобалары қызығушылық тудырды.
Аймақтағы жұмыс барысын, туындап жатқан түйіткілдер мен олардың шешімі туралы Колывань ауданы әкімшілігі басшысының міндетін атқарушы Ж.В.Румянская, РФ Мемлекеттік Думасының депутаты, білім комитетінің мүшесі И.В.Мануйлова жан-жақты талқылап берді. Атқарушы билік, аймақ басшылары және РФ Мемлекеттік Дума депутаттары арасындағы бірлескен іс-әрекет оң нәтижесін көрсетті.
Новосібір облысында кем дегенде 25 жыл педагогикалық тәжірибесі бар қызметкерлерге жеңілдік зейнетақы беру сақталған. Павлодар облысы делегациясыннан А.Ф.Арынова кәсіподақ ұйымы активі мен мүшелерінің құқықтық оқыту бойынша инновациялық әдістер жөніндегі тәжірибе тақырыбында баяндамасын оқыды. «Качир кәсіподақ ұйымының жұмысы туралы» бейнефильм көрсетілді. Сапар барысында Барабин кәсіподақ ұйымдарының ұжымдық шартын жасау, Колывань кәсіподақ ұйымының жергілікті өзін-өзі басқару органдарымен қарым-қатынаста еңбек заңнамасының сақталуымен бақылауды жүргізу бойынша келісім-шарттары зерттелді.
Аймақаралық кездесудің екінші күні Томск қаласында облыстық кәсіподақ ұйымының активімен кездесу түрінде өтті. Біздің тарапымызданГ.О.Жәркенова баяндаған «Павлодар облысы кәсіподақ ұйымы мүшелерінің құқықтық қорғалу жүйесі» ұсынылды. Қазақстандық делегацияға жолданған көптеген сауалдар ресейліктердің қызығушылығының жоғары болғанын көрдік.Тәжірибе алмасу біздің одақтардың еңбек және кәсіподақ мүшелерінің әлеуметтік мүдделерін қорғау тұрғысынан бір бағытта жұмыс істеп жатқандығын көрсетті. Ағымдағы жылы Павлодар облысы сияқты Новосібір облысы да ұжымдық келісім-шартқа тұру кампаниялары жүргізіліп жатыр.
Екі кәсіподақ ұйымдарының ынтымақтастығының жалғасы одан әрі тәжірибе алмасу болып табылады. С.Г. Сутягина семинардан кейін ҚР Кәсіподақтар федерациясының шақыруымен Астана қаласына Халықаралық кәсіподақтар ұйымының отырысына қатысу үшін сапар шекті. Павлодар облыстық кәсіподақ ұйымының Жасыбай көлі жағалауында ұйымдастырған «II Жас ұстаздар құрылтайына» Новосібірдің жас мұғалімдері шақырылды. Қазақстан мен Ресейдің шекаралас аймақтарының білім беру саласындағы тәжірибе алмасуы кәсіподақ қозғалысының дамуы үшін серпін береді.
Жәркенова Г.О.Қоғамдық бірлестіктіңқұқықтық мәселелер жөніндегі бас маманы
-
Фото
-