«Ұстаз-2016» спартакиадасы
Ағымдағы жылдың 30 маусым және 3 шілде аралығында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай Ақмола облысының білім қызметкерлері арасында XVIоблыстық «Ұстаз -2016» спартакиадасы Зеренді ауданының Чаглинка ауылындағы Агробизнес Колледжінің негізінде өтті.
Облыстық спартакиадаға Ақмола облысының оң жеті ауданнан және екі қаласынан 25 команда, 400-ден астамтехникалық және кәсіптік білім қызметкерлері қатысты.
Жарыс спорттың алты түрінен өтті: волейбол, городош спорты, үстел теннисі, шахмат ойыны, тоғыз құмалақ, атыс.
Спартакиаданың ашылуында алғыс сөзбен сөз сөйлегендер: Ақмола облысының білім басқармасының басшысының орынбасары - Гамазов В., «Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының Астана қаласы мен Ақмола облыстық ұйымы»ҚБтөрағасы - Абдрахманов Б.
Жарыстың қорытындысы бойынша жүлделі орындар келесідей орналысты:
I орын – Щучье қаласының Высший колледж командасы;
II орын – Щучье қаласының Педагогиялық колледж командасы;
III орын – Ауылшаруашылық колледж командасы Қотыркөл ауылы.
«Ұстаз -2016» спартакиадасының салтанатты жабылуында жеңімпаздар мен жүлдегерлерді дипломдармен, грамоталармен, кубоктармен және ақшалай сертификаттармен марапаттау рәсімі келесі мөлшерде өтті:
I орын – 100000 теңге;
II орын – 70000 теңге;
III орын – 40000 теңге.
Облыстық білім кәсіп одағының қызметкерлерінен бағалы сыйлықтармен жүлделі орындарға ие болған қатысушылар марапатталды.
Қосымша номинацияларға келесілер ие болды:«Воля к победе» номинациясына «Ж.Мусин атындағы Педагогиялық колледж» – Көкшетау қаласы; «За лучшую экипировку команды» номинациясында – «Индустриялды – техникалық колледж № 1 Атбасар қаласы» - Атбасар ауданы жүлделерге ие болды.
-
Фото
-