Кәсіподақпен бірге – біз мықтымыз!
2016 жылғы маусымның 27-нен бастап шілденің 1-ші аралығында Павлодар облысы Жас педагогтарының жазғы лагері ұйымдастырылды.
Бірінші күні «II Жас ұстаздар құрылтайы» Жастар форумы өтті, оған облыстың 40 жас педагогтарымен қатар, 2015-2016 жылдарға арналған Павлодар және Новосібір білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподағы арасындағы Ынтымақтастық пен өзара әрекеттесу меморандумын іске асыру щеңберінде шақырылған Новосібір облысының жас ұстаздарының өкілдері қатысты.
Бұл форум Қазақстан Тәуелсіздігінің 25-жылдығына арналды және оның ерекшелігі қатысушылардың жартысының көбі біздің егеменді мемлекетіміздің құрдастары болып табылады.
Облыстық білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподақ төрайымы – Г.Ә. Науразбаева, «Павлодар облысының Кәсіподақ орталығы» АКБ төрағасы Н.А. Рамазанов, Баянауыл білім беру бөлімінің басшысы – Е.Н. Дауенов, ұстаздық еңбек ардагері, облысымыздың көптеген педагогтарының тәлімгері – З.П. Овчинникова Форум қатысушыларына арналған арнайы сөздерін айтып, лебіздерін білдірді.
Новосібір білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподақ ұйымы – төрайымының орынбасары - Татьяна Леонидовна Карпатовскаяның баяндамасы және павлодарлық әріптестерін музыкалық номермен қошеметтеген, шекаралас Карасук ауданының жас мұғалімдері Елена Оленберг пен Алена Сыромятова үлкен қызығушылық тудырды.
2013 жылы алғашқы Жас ұстаздар құрылтайында жастар қозғалысын кәсіподақ ішінде дамыту бағдарламасы жасалған еді. Өткен кезеңде жас педагогтармен жұмыс жасау барысында оң өзгерістер пайда болды. Қалалық және аудандық білім қызметкерлері кәсіподақтарында құрылған Жастар кеңестеріне кәсіби икемдерімен қатар, көшбасшылық қасиеттері бар, жас мұғалімнің жетістіктері мен кемшіліктерін білетін, олардың мүдделерін көрсетіп қорғай алатын көптеген бастамашыл және креативті жастар келді.
Қатысушылар форумының пленарлық бөліміндегі өз баяндамаларында, сондай-ақ тәжірибелік бөлімдегі пікір-талас алаңшаларында жұмыс тәжірибелерімен бөлісіп, проблемалық сұрақтарды көтеріп, талқылады. Осы ретте, кәсіподақтар және жергілікті атқарушы органдардан қолдау күтіп қана қоймай, оларды шешудің нақты әдіс-тәсілдері мен түрлерін ұсынды, бұл әріптестері тарапынан үлкен қолдауға ие болды.
Форумда «Білімге жаңа формациядағы жас кадрлар қажеттілігі» жиі айтылды. Педагогтардың жас ұрпағы 2016-2019 жылдарға арналған мемлекеттік білімді дамыту бағдарламасының міндеттерін аса жаупкершілікпен қабылдайды, оқыту барысында үш тілді пайдалану, ақпараттық және инновациялық технологияларды игере алу, «Мәңгілік ел» жалпыұлттық патриоттық идеяны іске асыру, анағұрлым жақсы дамыған әлемнің 30 ел қатарына Қазақстанды қосуға деген алпауыт міндеттерді іске асыруға қабілетті жас ұрпақты тәрбиелеу.
«Біздің қолымыздан барлығы келеді!» деген сенімді ой – қалалық және аудандық Жастар кеңестерінің мүшелері Сулейменова Рымкештің, Қайыржанов Қабдрашиттің, Степанов Дмитрийдің, Б. Ахметов атындағы Павлодар педагогикалық колледждің студенттер кәсіподақ комитетінің төрайымы Жекебай дилдаштың баяндамаларында айтылды.
Форумның тәжрибелік бөлімінде жас педагогтар алдында Павлодар облысының жастар саясаты бойынша басқарманың басшысы - Н.В. Нефедова «Жастар саясат іске асыру: аймақтық аспект» атты баяндамалық шолу жасады.
Жалпыадамдық құндылықтарды сауатты түсінуді, жағдайды талдау алуды, ерекше ойлауды форум қатысушыларына мына тренингтер көрсетті: «Жастар ортасында этникааралық қарым-қатынас мәдениеті», тренер Н.В.Нефедова, «Өзін-өзі дамыту - табыс көзі», тренер Ақсу қаласындағы Жастарға қызмет көрсету орталығының директоры Еркебұлан Күнтуған, коучинг «Менің құқығым бар», тренер Павлодар облыстық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының заңгері Г.О.Жәркенова.
Осы форум, әрбір қатысушының инновациялық технологиялық оқыту икемінің барын көрсетті. Кейінгі күндері ниет білдірушілер өздік сағаттарын өткізді, Оның шеңберінде новосибирстік әріптестеріміз Елена Оленберг пен Алена Сыромятова орыс халық фольклорды бойынша әр үйге тыныштық пен бейбіт өмір сыйлайтын Мариничка қуыршағын жасау бойынша сабақ өткізді, Ақсу қалалық Жастар кеңесінің төрайымы Сәуле Елгонденова «Жас педагогтар имиджі» тренингін өткізді.
Жазғы лагері жабылу күнінде «II Жас ұстаздар құрылтайы» қатысушыларыдың үндеуі қабылданды, мұнда «Қазақстан Тәуелсіздігінің 25 жылдығына педагогикалық шеберлік пен патриоттық іс-қимылдың биік шыңына жетуге жиырма бес қадам» бастамасы жасалды. Форумда баяндалған іс-шаралар оған негіз болды: Павлодар қаласының № 24 жалпы орта білім беру мектебінде 25 ағаштан тұратын жас педагогтар аллеясын отырғызу бойынша акция, сонау 19 ғасырдың басында құрылған Шарбақты ауданы Александровка ауылының тарих көздерін іздеу бойынша 25 пункте тапсырмаларды орындаған шарбақты жас педагогтардың QUEST «Adventure» - шытырман-патриоттық ойындары. Б. Ахметов атындағы Павлодар педагогикалық колледжде болашақ 25 педагогтар арасында интеллектуалық байқау өткізу студенттік жастардың алғашқы қадамдары болып табылады.
Қатысушылардың Қазақстанның дамуына және гүденуіне өз үлестерін қосу деген патриоттық ойлары Жастар лагерінің жабылуында орындалған ұжыммен шығарылған Павлодар облысы жас педагогтар гимніне ұласты.
Жазғы лагерьдің бес күні Павлодар қаласының жас педагогтар Жайдарман командаларының қойған көріністеріне, спорттық жарыстарға, биге, алау жанында әндерге, «Караоке батл» Баянауыл ұлттық паркіне жаяу саясхат жасауға толы болды. Бұл күндері ауа-райы қуанта қоймаса да, Жасыбай көлінде шомылып, жағасында демалу үшін де шуақты күндер табылды. Әрбір күннің қорытындысы пресс-қызметкерлер КВН-ші ағайындылар Қоңыратбаев Ілияс пен Олжастың, Апсаликов Алдиярдың дайындаған өткен күн бейнерепортаждарын қарау барысында көңілді талқыланып отырды.
«Жастар кәсіподақты қолдайды» кәсіподақ кітабына әр қатысушы алған әсерлерін жазып қалдыруға ниет білдірді. Новосибирск облысы шекаралас Карасук ауданының жас мұғалімдері Елена Оленберг және Алена Сыромятова қалдырған лебіздерін бағалау ретінде келтіре кеткеніміз жөн болар: «Қонақжайлылық – ежелден бері қазақтың қоғамының аса маңызды құндылықтарының бірі болып табылады. Әсіресе, қазақтардың қарым-қатынас мәдениетінде ізгіниетшілік және толеранттылық қағидаттары ерекше байқалады. Қонақ - кез-келген қазақ үшін аса құрметті адам. Және біз, Ресейден келген жас педагогтар, осы қонақжайлылықты қатты сезініп отырмыз. Форумды ұйымдастырушылар Баянауыл тауларына және ел мақтанышы ұлттық баққа саяхат жасап, қонақтарды қатты таңқалдырды. Күн сайын спорттық жарыстар өткізілді, бұл іс-шаралар жас педагогтарды болашақта ынтымақтастыққа жұмылдырды. Екі елдің кәсіподақтары ұстаздықтың, әсіресе жас педагогтардың мәселелерін бірдей ұғынатындығы туралы бірлескен қорытынды жасады. Олар мұғалімнің имиджін арттыруға мүдделі. Педагогикалық жұмыстың және кәсіподақтың жұмысының түрлері мен әдістері көбінесе ұқсас, бірақ әрине іс-әрекеттердің жеке бағыттарын дамытуға келістері әр басқа. Осындай іс-шаралар, бірлесе отырып, мәселелерді анықтау үшін, оларды шешу жолдарын табу үшін, нақты ұсынымдармен биліктің әр деңгейіне шығу үшін қажет. «Кәсіподақпен бірге – біз мықтымыз!».
Ернар Иманбаев –Қазақстандық салалық білім және ғылым
қызметкерлері кәсіптік одағының Павлодар облыстық
ұйымының жанындағы Жастар кеңесінің төрағасы
-
Фото
-