«Ұстаз-2016» спартакиадасы
Ағымдағы жылдың 30 маусым және 3 шілде аралығында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай Ақмола облысының білім қызметкерлері арасында XVIоблыстық «Ұстаз -2016» спартакиадасы Зеренді ауданының Чаглинка ауылындағы Агробизнес Колледжінің негізінде өтті.
Облыстық спартакиадаға Ақмола облысының оң жеті ауданнан және екі қаласынан 25 команда, 400-ден астамтехникалық және кәсіптік білім қызметкерлері қатысты.
Жарыс спорттың алты түрінен өтті: волейбол, городош спорты, үстел теннисі, шахмат ойыны, тоғыз құмалақ, атыс.
Спартакиаданың ашылуында алғыс сөзбен сөз сөйлегендер: Ақмола облысының білім басқармасының басшысының орынбасары –Гамазов В., «Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының Астана қаласы мен Ақмола облыстық ұйымы»ҚБтөрағасы –Абдрахманов Б.
Жарыстың қорытындысы бойынша жүлделі орындар келесідей орналысты:
I орын – Щучье қаласының Высший колледж командасы;
II орын – Щучье қаласының Педагогиялық колледж командасы;
III орын – Ауылшаруашылық колледж командасы Қотыркөл ауылы.
«Ұстаз -2016» спартакиадасының салтанатты жабылуында жеңімпаздар мен жүлдегерлерді дипломдармен, грамоталармен, кубоктармен және ақшалай сертификаттармен марапаттау рәсімі келесі мөлшерде өтті:
I орын – 100000 теңге;
II орын – 70000 теңге;
III орын – 40000 теңге.
Облыстық білім кәсіп одағының қызметкерлерінен бағалы сыйлықтармен жүлделі орындарға ие болған қатысушылар марапатталды.
Қосымша номинацияларға келесілер ие болды:«Воля к победе» номинациясына «Ж.Мусин атындағы Педагогиялық колледж» – Көкшетау қаласы; «За лучшую экипировку команды» номинациясында – «Индустриялды – техникалық колледж № 1 Атбасар қаласы» –Атбасар ауданы жүлделерге ие болды.
-
Фото
-