Шығыстың Күршім ауданыныдағы жазғы спартакиада
24-25 маусым аралығында Күршім аудандық білім беру қызметкерлерінің дәстүрлі XIX спартакиадасы болып өтті. Спартакиадаға 12 ауылдық округтен 14 команда қатысты. Қатысушылар саны 420 адам болды. Спартакиада спорттың 5 түрінен өтті (волейбол ұлдар, қыздар командалары, шахмат, стол теннисі, эстафеталық жарыс, тоғызқұмалақ).
Спорт мерекесінің салтанатты ашылуына аудан әкімінің орынбасары мен аудандық маслихат хатшысы қатысып, әуесқой спортшыларға сәттіліктіледі. 2 күнге созылған спартакиада қорытындысы бойынша Теректі аймақтық командасы 1 орын, Күршім №1 аймағының командасы -2 орын және балалар спорт мектебінің командасы жүлделі 3-орынды иеленді. Спорттың жекелей түрінен және жалпы командалық жүлделі орын алғандарға аудандық кәсіподақ ұйымы атынан мақтау грамоталары, қаржылай сыйлықтар мен ауыспалы кубок табыс етілді.
Бұл шараның негізгі мақсаты ұстаздар арасында салауатты өмір салтын насихаттау және достық қатынасты нығайту.
-
Фото
-