
Болашақ жастардың қолында
Білім жетістіктерінде жаңа бағыттарға бейімдеу мақсатында Павлодар облысы Шарбақты ауданының Заборовка мектебінде «Үздік жас маман» сайысы өтті. Біздің мектеп жас мамандар құрамымен ерекшеленеді. Бүгінгі күнде мұғалімдердің 60%-ы – еңбек өтілі 5 жылға толмаған және 30 жасқа дейінгі жас мамандар.
Сайысты ұйымдастырушы бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағасы, жас маман А.Шварц және бастауыш сынып мұғалімі С.Майер.
Іс-шараға мектеп мұғалімдері – Н.Скрипко, Е.Самарин, К.Касимова, А.Щирая, Е.Тараненко белсене қатысты. Олар өздерінің педагогикалық біліктіліктерін көрсетіп қана қоймай, сонымен қатар интеллект, шығармашылық әлеуеттерін аша білді.
Сайыстың бірінші айналымда балалармен жұмыс жасай білетін, шығармашылық педагог ретінде өзін танытуға ұсыныс жасалды. Қазақ тілі және әдебиет пәнінің мұғалімі К.Касимова 5 сынып оқушыларымен «Алдар-Көсе» қойылымын сахналап, қызықты өткізсе, инфортатика пәнінің мұғалімі А.Щирая, даярлық тобының тәрбиеленушісі Диас Карашашевпен «Колобок» қуыршақ спектаклі арқылы көрермендерді қуантты. Педагогтың екеуі де осы сайыс үшін «шығармашылыққа жақын» номинациясында марапатқа ие болды.
Көрермендер қатарында үлкен қызығушылық және сайыскерлер арасында бәсекелестік туғызған «Бәрін білгіш» сайысында жас мамандар өзге мамандықтар бойынша өз білімдерін көрсетті. Осы сайыста әділ қазылар алқасы шетел тілі пәнінің мұғалімі Е.Самарин мен бастауыш сынып мұғалімі Е.Тараненконың білімпаздығын бірден бағалады.
Келесі айналымдағы тапсырмалар қатысушылар үшін оңай болған жоқ. Жұптарға бөлінісімен, балалар ұқсас тақырып бойынша екі мұғалімнен, екі пәннен білім алатындай, біріктірілген сабақтан үзінді көрсетулері қажет болды.
Жас мамандар соңғы қорытынды сайыста, әдістеменің қайталанбастығы, оқу процесінде дәстүрлі емес бағыт бойынша, өз ерекшеліктерін көрсетулері қажет. Барлық қатысушылар аз уақыт ішінде ақпараттың көрнекі бейнесі ретінде кластер дайындады. «Жеке тұлға» номинациясын иеленген орыс тілі және әдебиет мұғалімі Н.Скрипко осы кезеңде ерекшеленді.
Қорытындылай келе, әділ қазылар құрамы: мектеп директоры – М.Кадоркина, педагикалық еңбек ардагері – А.Шандыкбаева, 7-сынып оқушысы Н.Гильденбрандт, барлық сайыс үшін ұпайларды санай келе, шет тілі мұғалімі Е.Самаринді жеңімпаз етіп жариялады.
Педагогтардың ашылмаған қырларын, танылмаған әлеуеттерін ашуға мүмкіндігі бар осындай сайыстар біздің мектебімізде жақсы дәстүрге айналатынына үміттеміз.
Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйінін педагогика ғылымдарының кандидаты Ж.Данияровтың педагогтарға арнаған сөзімен қорытындыласақ: «Барлық мектеп түлектері педагогикалық мамандыққа түсетіндей етіп, сабақты жүргізу керек», ойымызды толықтырған болармыз.
Майер С.М., Шварц А.В.,Павлодар облысы
-
Фото
-