Астана қаласында кәсіподақ күніне арналған іс-шара өтті
2016 жылдың 10 маусымында № 55 «Қарақат» балабақшасында қызметкерлердің арасында кәсіподақ күніне арналған іс-шара өтті. Астана қаласының «Әділет» басқармасының төрайымы Наурызбаева Балсұлу Музаппарқызы қатысты. Балсулу Музаппарқызы балабақша қызметкерлерін кәсіподақ күнімен құттықтады және де, кәсіподақ өміріне белсене қатысқаны үшін Сулейменова Согдиана, Султанбекова Жанагул, Карина Айнур,Космаганбетова Гулжазира мақтау қағаздарымен марапатталды. № 55 «Қарақат» балабақшасының меңгерушісі Махатова Малика Шукирхожақызы балабақша қызметкерлерін кәсіподақ күнімен құттықтады. Кәсіподақ төрайымы Сагатова Гулнар Тулегенқызы балабақша өмірінен слайд шоу, өлең,би көріністерін өткізді.
№55 «Қарақат» балабақшасының кәсіподақ төрайымы Сагатова.Г.Т
-
Фото
-