
2016 жылдың 10 маусым-Кәсіподақтар күніне арналған «Жаңа форматты кәсіподақ басшысы» тақырыбында өткізілген шараның қорытындысы
2016 жылдың 10 маусым күні Қазақстан кәсіподақтары мерекесіне орай Атырау облысы Исатай ауданында жалпы білім беретін Аққыстау орта мектебінің базасында «Жаңа форматты кәсіподақ басшысы» тақырыбында семинар-тренинг өткізілді.
Семинар-тренингтің мақсаты білім беру мекемелеріндегі бастауыш кәсіподақ ұйымдарының Еңбек адамдарының құқықтары мен мүддесін қорғау бағытындағы еңбектерінің мәртебесін арттыру, кәсіподақ қызметін жаңа форматта жүзеге асыру.
Семинар-тренингке аудандық білім бөлімінің қызметкерлері, ауданның білім беру мекемелерінің бастауыш кәсіподақ ұйымдарының төрағалары мен төрайымдары, шақырылған кәсіподақ белсенділері қатынасты.
Семинар-тренинг жұмысын «Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының Атырау облыстық ұйымының Исатай аудандық комитеті» филиалының төрайымы К.Дузбаева ашып, аудандық білім беру бөлімінің басшысы Б.Темірбекұлының атынан және өз атынан мерекемен құттықтады.
Семинар барысында филиал есепшісі А.Кдралина «Кәсіподақтың мүшелік жарналары және оны жұмсау» тақырыбында бастауыш кәсіподақ ұйымдары басшыларына әдістемелік нұсқаулықтар дайындап, таныстырды.
Семинар-тренинг арқылы кәсіподақ басшыларының мәртебесі бір көтеріліп, жаңа форматта жұмыстарды ұйымдастыруға қызығушылықтарын туғызды. Әрқайсысының түпкі ойында Еңбек адамдарының құқықтары мен әлеуметтік жағдайларын қорғауға деген ынта-жігер мен сенім сезімі байқалғандай болды. Алдағы атқарылар жұмыстарының жаңа бағытта ұйымдастырылатынына шек келтірмеді.
-
Фото
-