
Жас мамандар жалын шашуда
2016 жылғы мамырда Павлодар облысы Лебяжі ауданы Потанин ЖОББ мектебінің ұйымдастыруымен аудандық «Жас маман – жаңа идея – 2016»аттыжас мамандар арасындағы топтық сайыс әрі достық кездесу өтті.
Кездсудің мақсаты –аудан мектептеріндегі жас мамандарының талантын, іскерлігін, жан-жақтылығын, шығармашылық-креативтік қабілетін танып, байқау, өзара ынтымақтастық қарым-қатынас орнату болып табылады.
Сайыс бірнеше кезеңнен тұрады. Әр кезеңде жас мамандар өздерінің білімдерін, жан-жақты қабілеттерін, шығармашыл-креативтерін көрсетті.
Сайыстың қорытындысы бойынша І орынды Потанин ЖОББМ жас мамандары иеленсе, ІI орын Жамбыл ЖОББМ жас мамандары және ІІI орын Абай ат. ЖОББМ жас мамандарына бұйырды. Жүлдегерлер құнды сыйлықтармен және Алғыс хаттармен марапатталды.
Аталған шарамен қатар Павлодар облысы Лебяжі ауданы Тілектес ЖОББ мектебінде «Тілектес мектебінің құзырлық негізінде дамуы: нәтижелер, мәселелер, шешу жолдары» атты семинар өтті.
Семинарға облыстық «Өрлеу» БАҰО АҚ-ның бас маманы Л.В.Руколеева, аудандық білім бөлімінің әдіскері А.Қ.Мустимов, сонымен қатар аудандық білім беру қызметкерлері кәсіподағының төрайымы Б.Ж.Мукатаева және аудан мектептерінің жас мамандары қатысты.
Семинардың мақсаты: мектептің даму бағдарламасының қорытындысы, тәжірибемен алмасу, тәжірибемен алмасуда кәсіби қарым қатынастық жағдай жасау, аудан мектептерінің жас мамандарына өзін жетілдіруде міндеттерді анықтауға көмек беру.
Семинар өткізілу барысында ұстаздар қауымы ашық сабақтар өткізді. Барлығы тоғыз сабақ ұсынылды. Әрбір қонаққа үш сабаққа қатысуға мүмкіндік жасалды. Сонымен қатар әр оқушының оқу үдерісінде оқытудың төрт түрлі формасына қатысудың – өздік, жұптық, топтық, ұжымдық тәсілдерін мұғалімдерге көру мүмкіндігі берілді. Сабақ барысында оқушылар пәндік білім, білік, дағдыдан басқа негізгі құзырлықтардың – ой-әрекетінің, коммуникацияның жалпы білімдерімен, ұжымдық еңбектің дағдыларының тәсілдерін меңгерді. Оқушылардың жеке және топтағы жұмыстарын анықтау үшін мұғалімдер бағалаудың тиімді әдіс-тәсілдерін қолданды, бағалау критерийлерін құрастырды. Семинарға қатысушылар оқушының жеке оқу мақсаттарына жету үшін жұптық, ұжымдық жұмыстың тиімді екендіктеріне көздері жетті.
Сабақтардан кейін мектеп психологі Г.С.Мухаметова 6-8 сынып оқушыларымен «Өмірдің позитивтік сценариін құруды қалыптастыру» атты психологиялық тренинг өткізді. Тренингте ойын терапия, арттерапия, құм терапияның жаттығуларын қолданды.
Жас мамандардың пікірлерінен олардың семинардан пайдалы және қажетті ақпарат алынғаны анық көрінді. Оқытуда жаңа технологияның әдіс--тәсілдерін қолдану, оқушыларды сабаққа қызықтыра білу, өздік білім алуға үйрету және т.б. аудан мектептерінің жас мамандары өз тәжірибелеріне енгізіп, жүзеге асыратынын айтты.
Павлодар облысыЛебяжі ауданыЖастар кеңесінәің төрайымы Бекенова С.А.
-
Фото
-