Алматы қалалық «Ұстаз» кәсіподағы қалалық Білім басқармасымен бірлесе отырып Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы және Алматы қаласының 1000 жылдығына орай қала мұғалімдері көркемөнерпаздарының сайыс-байқауын өткізді
Бұл шараның басты мақсаты – қалалық білім саласы қызметкерлерінің арасындағы өнерге бейімділерін анықтап, оларды белсенді шығармашылық істерге тарту, көркем шығармашылықтарын дамыту, педагогикалық ұжымның ынтымағын жетілдіру, осы арқылы өскелең ұрпақтың эстетикалық және рухани-адамгершілік дамуына ықпал ету болатын.
Аталған шара үш сатыда өткізіліп, барлығы 3 мыңнан аса өнерпазды қамтыды.
Алғашқы сатыда Алматы қаласының әрбір мектебі, бала-бақшалар мен колледждері өз өнерлілерін анықтаса, сайыстың сәуір айында өткізілген аудандық кезеңінде қатысушылардың өнерлері арнайы жасақталған қазылар тобы арқылы мұқият сарапталып, үздік шыққан ән, би, ырғақ шеберлері іріктелді. Ұстаздар мен тәлімгерлер арасында өнерлі жандар өте көп екен, бәйгенің келесі сатысы өте қызу болары осы кезеңде-ақ белгілі болды. Аудандық сатының жеңімпаздары мен белсенді қатысушылары арнайы дипломдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды. Жүлделі орын алған орындаушылар үшінші кезеңге, яғни сайыстың қалалық кезеңіне қатысуға жіберілді.
Айта кету керек, сайыста арнайы музыкалық білімі бар ұстаздар да жай мұғалім, тәрбиешілер де қатар өнер көрсетті. Байқау шарты бойынша барлық қатысушыларға білім беру мекемелерінде қызмет істейтін кәсіподақ мүшелері деп қарау қабылданған болатын. Қазылар алқасының пайымдауынша бұл тәртіп сайысқа қатысатындардың деңгейін ғана көтеріп қоймай, әрбір қатысушыға өзін-өзі салыстыра қарауға да мүмкіндік береді.
Байқаудың үшінші, яғни қалалық сатысы 20 мамыр күні Түрксіб ауданында орналасқан «№ 6 Оқушылар үйінің» ғимаратында өткізіліп, оған 600 ден астам орындаушы қатысты. Концерт залы әсем безендіріліп, байқау тақырыбына орай арнайы дайындалған баннер сахна төріне көрік беріп тұрды. «Ұстаз» Алматы қалалық жергілікті кәсіптік одағының төрағасы Назарбетов Қожахмет Тайболатұлы сайыстың мазмұн-мақсаты жайлы айта келіп өнер мерекесіне қатысушыларға шығармашылық табыстар мен сәттіліктер тіледі. Таңертең басталған өнер сайысы кешке дейін созылса дазал тола көрерменді бір сәт те жалықтырмады.Ән, би, күй, көркем сөз, т.б. номинациялар бойынша бірінен соң бірі шығып жатқан өнерпаз ұстаздар көрермендерді ғана емес қазылар тобын да тамсандырып жатты.
Әрбір орындалған шығарманы белгілі әнші, сазгер Марат Омаров бастаған, әр бағыттағы 11өнер иелерінен құралған құзырлы қазылар алқасы сараптап, бағасын беріп отырды. Әрбір жанр түрі бойынша сайыстың 1,2, және 3ші дәрежелі дипломанттары анықталды.
Сайыс болған соң жеңімпазы болады. Өнердің бірнеше түрінен үздік нәтиже көрсеткен Бостандық ауданына қарасты М.Мақатаев атындағы №140 мектеп-гимназия ұжымы бас жүлдеге ие болды. Осымекеме хор және жеке ән айту бойынша да бас жүлдені жеңіп алды.Ұжым басшысы Тілеубай Сәния Өскенбайқызына «Сарыағаш» шипажайына жолдама табысталды. Жиналған жұрт Алматы қаласының«Үздік білім беру мекемесі» жүлдесін алған ұжымның өнерге де өте бейім екендігін көріп риза болды.
Сонымен бірге бас жүлделерді «хореография» бойынша – Алмалы ауданына қарасты № 62 гимназия; «Вокал» - Әуезов ауданынан № 175 гимназия; «Аспаптық жанр» бойынша Медеу ауданының №159гимназияның «Домбыра Дастан» фольклорлық ансамблі иеленді.
1 ші орын алғаны үшін: «Хор ұжымы» бойынша Жетісу ауданы № 87 ЖББМ; «Хореографиядан» Әуезов ауданы № 5 МГ; «Композиция» бойынша Бостандық ауданы № 140 МГ; «Топтық вокал» - Алмалы ауданы № 18 б-бақшасы; «Вокал»- Бостандық ауданы № 92 лицейі; «Көркемсөз» - Телекоммуникация және машинажасау колледжі; «Аспаптық орындаудан» - Түрксіб ауданы № 11 ЖББМ марапатталып, оларға бағалы сыйлықтар тапсырылды.
2 ші орын алғаны үшін: «Хор» - Алатау ауданының № 180 ЖББМ және № 160 ЖББМ; «Хореография» - Жетісу ауданы № 87 ЖББМ және Алатау ауданы № 177 б-бақшасы; «Композиция» - Бостандық ауданы № 152 б-бақша; «Топтық вокал» - Алмалы ауданы № 36 МГ және № 1 Педагогикалық колледжі; «Вокал» - Бостандық ауданы № 140 МГ және Алатау ауданы № 182 ЖББМ; «Аспаптық орындау» - Медеу ауданы № 12 МГ және Бостандық ауданы № 60 МГ; «Көркемсөз» - Бостандық ауданы № 140 МГ марапатталды.
3 ші орын алғаны үшін: «Хор» - Түрксіб ауданы № 76 ЖББМ және № 115 ЖББМ; «Хореография» - Медеу ауданы № 4 МГ және Наурызбай ауданы № 172 б-бақша; «Композиция» - Алатау ауданы № 168 б-бақша; «Топтық вокал» - Наурызбай ауданы № 188 ЖББМ және Алатау ауданы № 184 ЖББМ; «Вокал» - Алмалы ауданы № 36 МГ және Түрксіб ауданы № 84 ЖББМ; «Аспаптық орындау» - Әуезов ауданы № 5 МГ және Бизнес колледжі; «Көркемсөз» - Алматы қ. Көпсалалы колледждері марапатталды.
Осы байқауды ұйымдастырып өткізуге және жеңімпаздарға берілетін сыйлықтарға «Ұстаз» кәсіподағы аудандық филиалдарының барлығынан 2 млн. теңге, қалалық кәсіподақ ұйымынан 2 млн. теңге – барлығы 4 млн. теңге қаражат бөлінді.Теледидар, қысқатолқынды пеш, шаңсорғыш т.б. тұрмыстық заттар сатып алынып, жүлделі орын алған қатысушыларға тапсырылды.
Әрбір номинация бойынша жүлдегер атанып, ұйымдастырушылардың қолынан марапат қағаздарымен біргебағалы сыйлықтарын қоса алып жатқан өнерпаздарға дүйім жұрт қол шапалақтап қошемет көрсетті. Алдағы «Мұғалімдер күнінде» болатын мерекелік концертке ең ұтымды номерлер іріктеліп, орындаушылар Республика Сарайында өнер көрсететіні туралы хабар да жиналған қауымды бір желпінтіп тастады. Осындай үлкен іс-шараны ұйымдастырған «Ұстаз» кәсіподағына алғыстарын білдіріп, мейрамға айналған өнер фестивалін дәстүрлі өткізіп отыру ұсыныстары да айтылып жатты.
«Ұстаз» АҚЖКОтөрағасы К.Т.Назарбетов
-
Фото
-