Қызылорда облысы Жаңақорған аудандық білім қызметкерлері кәсіподақ комитетінің ұйымдастыруымен 1 маусым - Халықаралық балаларды қорғау күніне орай «Бақытты балалық шақ» тақырыбында іс-шаралар ұйымдастырылды
31.05.2016 жылы Аудандық «Ордакент» мәдениет үйінде балабақшала қызметкерлерінің қолөнер бұйымдарының көрмесі өткізілді. Көрмеде аудан балабақшалары қызметкерлерінің үздік туындылары қойылып көпшілік назарына ұсынылды. Көрме соңында қатысушылар марапатталып бағалы сыйлықтарға ие болды.
Іс-шара барысында аудан балабақшаларының жылдық жұмысы қортындыланып, білім бөлімінің және кәсіподақ комитетінің марапаттаулары тапсырылды. Салтанатты жиынға аудан әкімінің орынбасары Айтбембет Бақытжан, «Нұр Отан» партиясының аудандық филиалының төрағасының бірінші орынбасары Балқожаев Мажит, Білім бөлімінің әдіскері Тұртанова Патима қатысты. Салтанатты жиын соңында «Бақытты балалық шақ » тақырыбында балабақша тәрбиешілері арасында тәрбиеленушілермен өнер сайысы өткізілді. Аудандық «Бақытты балалық шақ» байқауы әділқазылардың қортындылауымен марапатау қағаздарымен, заттай сыйлықтармен марапатталды.
Аудандағы барлық балабақшаларда Балаларды қорғау күнін мерекеленді, аудандық кәсіподақ комитетінен қаржылай қолдау көрсетілді.
Аудандық кәсіподақ комитетінің маманы Әшім Аякөз
-
Фото
-