ҮЗДІК ҰСТАЗҒА ЖОЛДАМА
Павлодар облысының әкімдігі мен білім беру басқармасы, сонымен қатар облыстық білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподағы арасындағы әлеуметтік әріптестік аясында 2016 жылғы 1 маусымда үздік ұстаздарға Түркия еліндегі Жерорта жағалауына демалысқа тегін жолдамалар табыс етілді. Республикалық және халықаралық олимпиадалардың жеңімпаздарын даярлаған облыстың 14 үздік ұстазы және 2 мектеп басшысы Кемер қаласына демалысқа барады.
Биыл жоғарыда аталған республикалық олимпиадаларда павлодарлық тәлімгерлер жаратылыстану және гуманитарлық ғылымдар бағыты бойынша тоғыз алтын, он күміс және отыз қола медальдарға ие болды.
-
Фото
-