
Семей қаласында футзалдан қалалық турнир өтті
Семей қаласындағы Шәкәрім атындағы мемлекеттік университетінің қабырғасында 2011 жылы алғаш рет студенттік кәсіподақ ұйымы құрылған болатын.Содан бері аталмыш ұйым өз жұмысын қарқынды түрде атқарып келеді. Соған сәйкес 2016 жылдың 12 мамыр айында Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университетінің №2 спорт кешенінде аталмыш оқу-орынның Студенттік Кәсіподақ ұйымының ұйымдастыруымен, ұйымның 5 жылдығына арналған футзалдан қалалық турнир өтті. Бұл турнирға Семей қаласының ЖОО, ООО және қалалық жастар ұйымдарының және жас қызметкерлерінен құралған 10 команда қатысты. Татрытсты өткен турнир қортындысы бойынша 1-орын "Мұңайтпас" командасына бұйырып, футзалдан қалалық суперлигага ойындарына жолдама және улкен кубок табысталды, 2-орынды "Водный" командасы, 3-орынды "Елімай" КИУ оқу-орынның командасы қоржындарына байлады. Сонымен қатар "Үздік ойыншы" аталымын Муратбеков Олжас, "Үздік қақпашы" аталымын Мамырбек Нұртай мен Юдахин Ваня, "Үздік шабуылшы" аталымын Турлыбеков Саят иеленді. Турнир соңында жеңімпаздар бағалы сыйлықтармен марапатталды.
-
Фото
-