
Құдайберген Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетіне 50 жыл
Батыс Қазақстандағы жетекші жоғары оқу орындарының бірі болып табылатын Құдайберген Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті 2016 жылдың 21 мамырында өзінің 50-жылдық мерей тойын тойлап өтті.
Жоғарғы оқу орнының өңірдегі білім беру, ғылым мен мәдениет орталығы болып қалыптасуының тарихы зор.
1966 жылы құрылған Ақтөбе мемлекеттік педагогикалық институты 1990 жылы Құдайберген Жұбановтың атын, ал 1996 жылы университет статусын алды. 2004 жылы Ақтөбе мемлекеттік педагогикалық институты болып қайта құрылып, 2013 жылы «Құдайберген Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті» болды.
Миссиясы –Қазақстан Республикасы және оның батыс өңіріне еңбек нарығында сұранысқа ие білікті мамандар даярлау болып табылатын Құдайберген Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті мемлекеттік лицензиясына сәйкес жоғары білім берудің 8 бағыты бойынша мамандар даярлауды жүргізеді.
Өңірдегі үлкен білім ордасының мерей тойы кең көлемде аталып өтті. Университеттің көптеген профессор-педагогтары, қызметкерлері Қазақстан Республикасы білім және ғылым Министрлігінің, «Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағы» қоғамдық бірлестігінің жоғарғы марапаттарымен, Ақтөбе облыстық әкімдігінің, университет ректорының және Ақтөбе облыстық білім жане ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының Құрмет грамоталарымен, Алғыс хаттарымен, бағалы сыйлықтарымен марпатталды.
«Қазақстандық салалық білімжәне ғылым қызметкерлері кәсіптікодағының Ақтөбе облыстық ұйымы» ҚБ
-
Фото
-