.jpg)
Профессор Ә.Молдаханов 80 жаста
Құдайберген Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінде 2016 жылғы 19 мамырда Қазақ ССР халық ағарту ісінің үздік қызметкері, Қазақстан Республикасының білім беру ісінің құрметті қызметкері, 2006 жылғы «Ақтөбе облысының жыл адамы», филология ғылымдарының докторы, профессор Әдебиет Молдаханұлы Молдахановтың 80 жасқа толу мерейтойы мен ғылыми-ұстаздық қызметінің 50 жылдығына арналған салтанатты шара өткізілді. Ғалымның мерейтойы осы университеттің 50 жылдығымен тұспа-тұс келіп отыр, себебі Әдебиет Молдаханұлы университет ашылған 1966 жылдан бері қызмет жасап келе жатыр.
Салтанатты шараны ректордың әкімшілік-басқарма аппаратының басшысы, экономика ғылымдарының докторы, профессор Халел Хаймуллиевич Құсайынов ашып, құттықтау сөз сөйлеп, мерейтой иесіне «Құдайберген Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінің құрметті профессоры» төсбелгісі мен куәлігін табыс етті. «Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының Ақтөбе облыстық ұйымы» қоғамдық бірлестігінің төрайымы Раушан Серікқызы Серікова Алғыс хат және емделіп демалуға «Мерке» шипажайына жолдама табыстады.
Салтанат соңында ұстаз-ғалымға арналған арнау өлеңдері оқылып, тарих-филология факультетінің студенттері ән шырқады.
«Қазақстандық салалық білімжәне ғылым қызметкерлері кәсіптікодағының Ақтөбе облыстық ұйымы» ҚБ
-
Фото
-