
Үздік мектеп кәсіподағы
Қарағанды облысы білім қызметкерлерінің жеке және ұжымдық жетістіктерін облыстық Білім басқармасының олардың біліктілігін жоғарылатудағы шебер саясатының және олардың арасында қолайлы моральды-психологиялық жағдай туғызып, әрбір мүшесінің әлеуметтік - экономикалық қорғалуын қамтамасыз ететін Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының Қарағанды облыстық ұйымының төрағасы Татьяна Самойлюк бастаған кәсіподақ қызметкерлері еңбегінің көрінісі деп айтуға болады. Ол үшін әртүрлі іс-шаралар, жергілікті орындарда қызу қызмет атқарылып жатыр. Оған үлгі ретінде І Республикалық кәсіби шеберлік «Ең үздік педагогикалық ұжым – 2016» форумында тек алдыңғы орындарды иеленген Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының Қарағанды облыстық ұйымының Қазыбекби аудандық комитетінің бастауыш ұйымдарын келтіруге болады.
І Республикалық кәсіби шеберлік «Ең үздік педагогикалық ұжым – 2016» атты форумы 2016 жылдың 7-8 мамыр аралығында Халықаралық Экология және инженерия ғылым академиясының ұйымдастыруымен Түркістан қаласында өтті.
Форумның негізгі мақсаты: білім саласы қызметкерлерінің әлеуметтік - экономикалық қорғалуын қамтамасыз ету, мұғалімдердің, тәрбиешілердің, әдіскерлердің, бастауыш кәсіподақ ұйымы төрағаларының білім саласындағы өзекті мәселелерінің шешімін табу жұмыстары болып табылады. Осы форумға тәжірибе алмасу, озық тәжірибені насихаттау мақсатында Қарағанды облысы, Қазыбекби ауданының «№ 92 гимназия» ұжымы белсенді қатысып, «Мектеп кәсіподағы» сайысында ІІ орынды жеңіп алды.
І орын да Қарағанды облысы жетістіктері қоржынына бұйырып, Қазыбекби ауданының білім қызметкерлері кәсіподағына мүше ұйымдарының бірі «№58 Орта жалпы білім беру мектебі» ҚММ-нің қазақ тілі және әдебиеті пәні мұғалімі Нургалиева Жулдыз Амангельдиевна иеленді.
Бұл жетістіктерді мақтан етеміз және ең үздік ұжымдардың бірі ретінде үлгі тұтамыз. Ұжымның татулығы, бірлігі мен беріктігі – метеп берекесі, кәсіподақ жұмысының жемісі.
«Қазақстандық салалық білім және ғылымқызметкерлері кәсіподағының Қарағандыоблыстық ұйымы» Қоғамдық бірлестігініңмаманы Дария Хамитжанова
-
Фото
-