«Еңбек қатынастарын құқықтық реттеудегі Қазақстан Республикасының еңбек заңдылықтарын қолдану тәжірибесі» тақырыбында оқу-семинары Ақтөбе облысында
Ақтөбе облысы Әйтеке би аудандық білім қызметкерлерінің кәсіподақ ұйымында 2016 жылдың 19 мамырында Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының Ақтөбе облыстық ұйымының ұйымдастыруымен «Еңбек қатынастарын құқықтық реттеудегі Қазақстан Республикасының еңбек заңдылықтарын қолдану тәжірибесі» тақырыбында оқу-семинары өтті.
Семинарды Облыстық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағы қоғамдық бірлестігінің бас маманы, заңгер Алимпиев Александр Львович өткізді. Семинарға мектеп, білім мекемелері, балабақша басшылары, кәсіподақ ұйымдарының көшбасшылары, барлығы 52 адам қатысты.
Семинар барысында Облыстық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының бас маманы, заңгеріне тақырыпқа байланысты сұрақтар қойылып, сұрақ қоюшылар толығынан жауаптар алды.
-
Фото
-