
Киелі Баянауыл жерінің жастары өнер көрсетуде
2016 жылғы 4 мамырда Павлодар облысы Баянауыл ауданының білім беру қызметкерлері кәсіподақ ұйымының төрайымы А.Ж. Нығметова ауданның жас мамандарымен «Жас маман – жаңа бастама иесі» атты семинар-жиналыс өткізді. Семинар-жиналыстың басты мақсаты – бүгінгі және болашақта атқарылатын жұмыс жоспарын бекіту, оны талқылау, жас мамандардың хал-ахуалымен таныс болу. болатын.
Семинарға әр ауыл мектептерінен жас мамандар шақырылды. Бас-аяғы 20-дан астам жас ұстаздар бас қосып, ой-пікірлерін, ұсыныстарын ортаға салды. «Шаттық шеңбері» атты тренингпен басталып, әр жас маман өзін шығармашылық тұрғыда таныстыру ұйымдастырылып, карточкалық сұрақтар арқылы жас ұстаздардың білім беру мекемелерінде қандай өзгерістер мен тың жаңалықтарды қалайтыны туралы шаралар өткізілді. «Мен кездескен кедергілер» атты тәжірибе алмасу пікір-таласымен жалғасып, «Мен болашақта...» деген тақырыпта қорытынды бөліммен аяқталды. Соңғы бөлімде жас ұстаздар өздерінің болашақтағы жоспарларымен таныстырып қана қоймай, оған жету жолдарымен де бөлісіп, жеткізді.
Ал 2016 жылғы 14 мамырда білім беру кәсіподақ ұйымының жетекшілігімен жас мұғалімдер кеңесі Қазақстанның кәсіподақ күні қарсаңына арналған «Жүрек жылуы» атты концерт өткізді. Концерттік бағдарлама Баянауыл ауданы, Ақсан, Қаражар ауылдарында өткізілді. Шараға аудан ауылдарынан жас мұғалімдер қатысты.
Ауданның келесі белсенді жастарды атап өтуге болады: Ш.Айманов атындағы мектеп-интернатының жас мамандары Әділбек Серіков, Кибади Шахмардан, З.Ақышев атындағы ЖББОМ жас маманы Самал Сарсенбекова, Егіндібұлақ орта мектебінен Айнур Мажит, Перизат Рамазан, Ақсан орта мектебінен Тәуекел Қарлығаш, Сенбі Амангелді,Әділет Қайыржанұлы, Лекер орта мектебінен Риза Мусабаева, Майқайың кентінен «Шағала» бала-бақшасының тәрбиешілерінен құралған «Миллион Мания» жайдарман командасы, Қаратомар орта мектебінің жас маманы Олжас Какимжанов, Жаяу Мұса атындағы өнер мектебінің мұғалімдері және басқа да жас мамандар қатысып, концерттің ойдағыдай өтуіне барынша атсалысты. Концерт Тәуелсіздігіміздің 25 жылдығын ескере отырып, патриоттық әндермен басталып, кәсіподақ күніне орай әртүрлі халықтардың билерімен жалғасты. Әдемі әзілден де сусындап, Майқайың кентінен келген «Шағала» бала-бақшасының тәрбиешілерінен құралған «Миллион Мания» жайдарман командасының қалжыңдары тамашаланды. Концерт соңында Баянауыл ауданы кәсіподақ ұйымының төрайымы Ныгметова Айнагүл Жанатқызы сөз сөйлеп, кәсіподақ жұмысының жандандырылуы басыңқы мақсат екенін айтып өтті.
Баянауыл ауданы білім беруқызметкерлері кәсіподақ ұйымының төрайымы А.Ж.Ныгметова,аудандық жастар кеңесінің төрайымы С.Ш.Сарсенбекова
-
Фото
-