Ардагерлер саяжолы
Шығыс Қазақстан гуманитарлық колледжі тыл және еңбек ардагерлерін шақырып, арнайы құрмет көрсетті. Колледж мұғалімдері мен оқушылар оларға арнап мерекелік концерт ұйымдастырды. Ардагерлердің еліне сіңірген еңбегі ешқашан ұмытылмайтындығына дәлел ретінде жас ұрпақтар әскери жылдардағы әндерді орындады, Ұлы Отан соғысы тақырыбында сахналық қойылымдар көрсетті. Осы кездесудегі бүгінгі жас ұрпақ пен ардагерлер арасындағы зиялы сұхбаттың жастардың патриоттық тәрбиесіне ықпалы зор екені сөзссіз. Екі жақ бір-біріне денсаулық пен бейбітшілік тілеп, Отан жайында жақсы пікір алмасу өтті.
Сонымен қатар колледж ауласында алғаш рет Ардагерлер саяжолы пайда болды.
Көшет отырғызуға тек ардагерлер ғана емес, колледж білім алушылары - оқу озаттары, оқу орнының қоғамдық өміріне белсенді ат салысушылар, спортшылар да қатысты.
Болашақ ұрпақты Отанға шексіз қызмет етуге жол бастайтын осындай игі істер дәстүрге айналса екен.
Осы іс-шараны ұйымдастырушы колледждің кәсіподақ ұйымы салтанатты бөлім аяқталғаннан кейін ардагерлерге арнап мерекелік дастархан жайып, әкімшілік және кәсіподақ атынан қонақтарға шағын сыйлықтар табыстады.
Бұл күн ардагерлер жадында ғана емес, осы мерекеге қатысқан жастардың да есінде қалары сөзсіз.
Кәсіподақ комитетінің төрағасы Ж. Даутова
-
Фото
-