Оңтүстік өңірі кәсіподақ комитетінің мамандары тәжірибелік әдіс алмасу мақсатында бас қосты
Сәуір айының соңғы аптасы Түркістан қалалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподақ комитетінің мамандары үшін ереше апта болды. Ордабасы, Мақтаарал, Сарыағаш аудандарының мамандары әдіс алмасу мақсатында кәсіподақ комитетінің «Оқу әдістемелік орталығында» болды.
Түркістан қалалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподақ комитетінің төрайымы Гүлжан Әсілбайқызы келген қонақтарды ыстық ілтипатпен қабылдап кәсіподақ комитетінде атрақырып жатқан жұмыстарымен таныстырды. 2012 жылы Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының Оңтүстік Қазақстан облыстық комитетінің төрағасы Ә.Шалқардың хаты негізінде №24 жалпы орта мектептің базасында «Оқу әдістемелік орталығы» республика көлемінде алғашқылардың бірі болып ашылғандығын тілге тиек етті. Оқу орталығын ашудағы мақсат: кәсіподақ белсенділеріне сауатты, заманауи тұрғыда түсіндірме жұмыстарын жүргізу, өзара әдіс алмасу, ұстаздар қауымының әлеуметтік жағдайын жақсартуда заң негіздерін сауатты жеткізу екендігін, оқу орталығының ашылғанына төрт жыл болсада аудан, облыс, республика және шет елдерден кәсіподақ белсенділері келіп, әдістемелік орталықта семинарлар өткізіп, атқарылып жатқан жұмыстардың жақсы нәтижесінің куәсі болғандығын айтып өтті. Әдістемелік орталық туралы бейнефильм көрсетілді. Кәсіподақ комитетінің маманы М.Кенжебаева іс шара жоспарымен, өтілген тақырыптық семинарлардың қортындысы, орталықтың жабдықталуы, заң негіздерін жүзеге асыруда атқарылып жатқан жұмыстар, ұстаздар қауымының мұң мұқтажын, арыз шағымдарын шешуде кәсіподақ комитеті арыздануышының заңмен қорғалуын толық қамтамасыз ететінін, белсенді кәсіподақ мүшелеріне рухани демеу беруде, денсаулығы төмен, аз қамтылған жанұяларға берілетін қаржылай сыйлықтардың дер кезінде бөлінуін қамтамасыз етіп отыратын қоғамдық ұйым екендігін, кәсіподақ жұмыстарының күрделі, қиын, елеусіз екенін жеткізді. Осы жұмыстарды атқаруда бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағаларына оқу әдістемелік орталықтың берері мол екендігіне тоқталды.
Аудандардан келген кәсіподақ мамандары нәтижелі жұмыстың куәсі болып, пікірлерін ортаға салып, іс құжаттардың жүргізілу тәртібі бойынша тәжірибе алмасты. Кәсіподақ комитетінің мамандары Түркістан қаласы кәсіподақ комитетінің мамандарымен бірге Ордабасы, Мақтаарал, Сарыағаш аудандарының «Оқу әдістемелік орталықтарында» жұмыстарын жалғастырды.
«Жұмыла көтерген жүк жеңіл» демекші кәсіподақ белсенділері үш күндік іс сапарда кәсіподақтардың атқарылып жатқан жұмыстарын көзбен көріп, санамен зерделеп білім саласы кәсіподақтарының атқарған жұмыстарының заман талабына сай атқарылғандығын, келешекте атқарылатын жұмыстарға кәсіподақ белсенділерін жұмылдырып ынта жігермен әріптестерін бірлікке, татулыққа шақырып жұмыстар атқаратындығын көрсетті.
Түркістан қалалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподақ комитетінің маманы М.Кенжебаева
-
Фото
-