Соғыс ардагерлерінің ерлігі ұмытылмайды!
Сарыағаш ауданы білім мекемелерінде қызмет етіп, зейнетке шыққан Ұлы Отан соғысының қос ардагері- Акименко И.С. мен Ибрагимов Әкім қазір 90-нан асқан қариялар.
18 жаста фашизммен соғысқа аттанған албыр жастар не көмеді десеңіз-ай?! Фашистік Германияны тізе бүктіріп, Милинтаристік Жапонияны ойсырата жеңген қос батыр бейбіт өмірін бала тәрбиесіне арнады.
Ауданның Абай атындағы жалпы орта мектебінің алаңы бүгін ерекше безендірілген, әскери киім киген жас сарбаздар соғыс ардагеріне ерекше ілтитап көрсетіп, сыйлықтар берді. Отан, ерлік жайлы Әкім аталарының ұлағатты сөздерін тыңдап, ғибрат алды.
Ал Қабланбек ауыл әкімшілігінің ұйымдастыруымен өткізілген «Ешкім де, ешнарсе де ұмытылмайды!» әскери шеру соңы «Даңқ» мемориалына гүл шоқтарын қою, соғыс ардагерін ұлықтауға ұласты.
Аудандық кәсіподақ комитеті және оның төрағасы Ә.Тастанбеков, пленум мүшесі Т. Көкетаев, бастауыш кәсіподақ комитетінің жетекшілері Р. Жиенова мен А. Жақсылықовтар Ұлы Отан соғысының қос ардагері Ә. Ибрагимов пен И.С. Акименконы, тыл ардагері, бұрынғы білікті мектеп басшысы болған Г.А. Бабаянды арнайы барып құттықтады, сый-сияпат жасап ойларымен бөлісті.
Кеңес Одағы және Қазақстанның білім беру ісінің үздігі болған Г.А.Бабаян аудандық кәсіподақ комитетінің басшысына ардагерлерді ұмытпай хабар алып тұрғандарына ризалық білдіріп, алғысын жаудырды.
Сарыағаш аудандық кәсіподақкомитетінің төрағасы Ә.Тастанбеков
-
Фото
-