Ұлы жеңіс күні
«Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының Атырау облыстық ұйымының Атырау мұнай және газ институты комитеті» филиалының ұйымдастыруымен Атырау мұнай және газ институтының Студенттер сарайында Ұлы Жеңіскүніне арналған салтанатты шара болып өтті.
Шараға АтМГИ профессор-оқытушылар құрамы, қызметкерлер мен студенттер қатысты. Салтанатты шараның құрметті қонағы ретінде «Фронтовичка» соғыс және еңбек ардагерлер хоры шақырылды. Шара барысында Ұлы Жеңісті жақындатқан жандар мен соғыс балаларына, қатысушыларға арналып институттың талантты студенттерінің орындауында әндер шырқалды.
Шараның құрметті қонағы «Фронтовичка» соғыс және еңбек ардагерлері хоры да өз репертуарынан әндер айтып, көрерменнің ыстық ықыласына бөленді.
-
Фото
-