Кәсіподақ ұйымы – армандар орындалады
Кәсіподақ ұйымының өзіндік жақсы дәстүрлері бар. Осы жылдың 24 жұлдызында Рудный қаласындағы «Горняк» МСОесігі кәсіподақ жастары үшін айқара ашылып, «Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының Қостанай облыстық ұйымы» ҚБ ұйымдастырған кезекті кәсіподақтық сауық кеші өтті. RnB стилде өткізілгенкешке кәсіподақ ұйымына кіретін Қостанай облысы мен Қостанай қаласының жоғары оқу орындары мен колледж студенттері қатысты. Алғашқы сөз облыстық СҚҰА-ның төрайымы Коновалова Татьяна Петровнаға беріліп ықыласты тілегімен лебізді құтықтауын білдірді. Студенттік кәсіподақ қозғалысының талантты өнерпаздарыRnB стилдегі Рианна, Бейонсе, Джастин Тимберлейк, Блэк Ай Пис, Ciara, Кристина Си, т.б. әншілердің әндерін орындап,өнерлеріне тамсанған жұрттың зор қошеметіне бөленді.Сонымен қатар кеште жастар қауымы бар өнерлерін ортаға салып, би билеу жарысы, RnB стилдегі әйгілі адамдарды танып ал атты ойындарын ойнап, жеңімпаздар тәтті сыйлықпен марапатталды. Іс-шараның барлық сәттері суретке түсіріліп, жастар бір-бірімен жақынырақ танысып, ұйымшылдық қасиеттерін одан әрі дамытуға мүмкіндік туды.
Осындай керемет кешті ұйымдастырған білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының Қостанай облыстық ұйымына алғысымызды білдіреміз. Ән мен бимен өрілген салтанатты жиын өз деңгейінде өтіп, жиылған жастардың ынта-қызығушылығын арттырып., көтеріңкі көңіл-күй сыйлады. Дәстүрлі кеш әрбір студенттің есінде қалмақ.
-
Фото
-