Техникалық инспекторлар семинары
2016 жылдың 29 сәуір күні Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының Атырау облыстық кәсіподақ ұйымы» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен «Еңбекті қорғау жөніндегі техникалық инспектордың жұмысын ұйымдастыру және қоғамдық бақылауды жүзеге асыру тәртібі»тақырыбында семинар өтті.
Семинар жұмысынақала, аудандардағы білім беру ұйымдарының техникалық инспекторлары, Атырау облысы мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасы менӨрт қауіпсіздігі саласындағы және бақылау профилактикалық басқармасының өкілдері қатынасты.
Семинар барысында техникалық инспекторлардың жұмысы, олардың міндеті, өндірістік кеңестің ұйымдастырылуы туралы толықтай мағлұмат берілді.
-
Фото
-