«Жыл оқытушысы - 2016» байқауы өтті
2016 жылдың 27 сәуірінде Қ.Дүтбаева атындағы Атырау гуманитарлық колледжінде шығармашылықпен жұмыс істейтін, рухани-адамгершілік, ғылыми-әдістемелік мәдениетті игерген, заманауи ақпараттық-коммуникациялық технологияны меңгерген, жан-жақты дамыған, озық идеялы, жоғары интеллектуалды деңгейдегі озат тәжірибелі педагогтарды анықтау мақсатында «Жыл оқытушысы - 2016» байқауы өтті. Оған оқу орнында қызмет ететін 9 оқытушы қатынасты:
1. Нұртазина Нәсіп Маратовна - информатика пәні оқытушысы;
2. Багитова Айнұр Багитовна - химия пәні оқытушысы;
3.Каментаева Гүлзада Бекеновна - қазақ тілі мен әдебиеті пәні оқытушысы;
4. Кульчикова Мөлдір Сарсенбайқызы - ағылшын тілі пәні оқытушысы;
5. Халдыбаева Марал Хадимқызы - педагогика пәні оқытушысы;
6. Демеуов Бекболат Бақтыгерейұлы - Сәндік қолданбалы пән бірлестігі, өнер пәнінің оқытушысы;
7. СарбуфинаҰлмекен Қабдолқызы – мектепке дейінгі педагогика және психология пәні оқытушысы;
8. Иманғалиев Асылбек Кеңесбайұлы - дене тәрбиесі пәні оқытушысы;
9. Садықова Арайлым Әлібекқызы – тарих пәні оқытушысы.
Байқау қорытындысы бойынша І дәрежелі дипломмен - Каментаева Гүлзада Бекеновна
ІІ дәрежелі дипломмен - СарбуфинаҰлмекен Қабдолқызы, Багитова Айнұр Багитовналар
ІІІ дәрежелі дипломмен - Иманғалиев Асылбек Кеңесбайұлы, Кульчикова Мөлдір Сарсенбайқызы, Нұртазина Нәсіп Маратовна марапатталды.
Колледж бастауыш кәсіподақ ұйымының төрайымы А.Н.Кушергалиевабайқау жеңімпаздарына бағалысыйлықтар табыс етті.
Каментаева Гүлзада Бекеновна облыстық «Жыл мұғалімі - 2016» байқауына жолдама алды.
-
Фото
-