Ақмола облысы Қорғалжын ауданында «Бүкіләлемдік еңбекті қорғау» күніне байланысты
Қазақстан Республикасының Конституциясында адамдардың еңбегі мен денсаулығы мемлекетпен қорғалатыны, әрбір азаматтың қауіпсіздік және тазалық талаптарына жауап беретін жағдайда еңбек ету құқығы жарияланған. Мемлекет бұл талаптарды, ең алдымен, еңбекті қорғау және оларды орындауға қадағалау жүргізу туралы нормалар жүйесі арқылы орындайды. Аталмыш күнге орай, Қорғалжын ауданы білім беру мекемелерінде бір қатар шаралар өткізілді.
Қорғалжын мектеп-гимназиясында «Еңбекті қорғау күні – 2016» атап өтумен байланысты іс-шаралар жоспарына сәйкес 2016 жылғы 10.04.-25.04.2016 ж. аралығында Қорғалжын мектеп-гимназиясы кәсіподақ ұйымында бірқатар шаралар өтті.Атап айтқанда, кәсіподақ ұйымы «Қалдырған ізің мәңгілік», «Еңбегің – өшпес ізің» атты тақырыптармен еңбек ардагерлерінің оқу орнының белсенді жастары ұжым мүшелері өкілдерімен кездесу өткізді.
Қорғалжын ауданы Қорғалжын мектеп-гимназиясында 23 сәуір күні «Спорт – денсаулық кепілі» тақырыбында спорттық жарыстар: атап айтқанда «жеңіл атлетика», «қызықты старттар» бойынша қызметкерлер жарысқа түсті.
Жарыстың жеңімпаздарына грамоталар мен сыйлықтар тапсырылды. Соңынан ауыл тұрғындары мұғалімдер мен оқушылардың концерттікбағдарламасын тамашалады.
Кәсіподақ комитетінің ұйымдастыруымен еңбектің адам өміріндегі маңыздылығын түсіндіру, еңбек жасай білу дағдыларын дамыту, еңбекке қызығушылықтарын арттыру, еңбектенуге, еңбексүйгіштікке тәрбиелеуді мақсат еткен«Еңбек түбі - береке»атты дөңгелек үстел өткізілді.
2016 жылдың 28 сәуірде Үсенов атындағы Сабынды орта мектебінде Дүниежүзілік еңбек қорғау күні аталып өтті, оған директор Абеев Серік Едігеұлы төрағасы Сулейменов Медет Ахметбекұлы, оқу ісінің меңгерушілерімен мектеп қызметкерлері қатысты.
Еңбекті қорғау күнінің қарсаңында мерекенің пайда болуының қысқаша тарихы түсіндіріліп, мектепте түрлі іс- шаралар ең үздік ұранға байқау жариялады. 20 сәуір күні компанияның басшылығы жеңімпазды анықтады. Ол «Жақындарың сені күтіп отыр, қауіпсіз жұмыс істе» деген ұранды ұсынылды.
Қорғалжын аудандық Білім бөлімінің кәсіподақ ұйымы «Бүкіләлемдік еңбекті қорғау» күніне орай қызметкерелер арасында пікірталас өткізіп,өндірістік жағдайда жарақат алған жұмысшылыр жөнінде бейне ролик өткізілді.
Аудандық кәсіподақ ұйымының төрағасы Н.Тәжин
-
Фото
-