
«АГК аруы-2016» сұлулық байқауы
2016 жылдың 26 сәуіріндеҚұрманғазы атындағы мәдениет үйінде Қ.Дүтбаева атындағы Атырау гуманитарлық колледжі студенттік бастауыш кәсіподақ ұйымының ұйымдастыруыменсұлулық пен инабаттылықтың айнасы болған «АГК аруы-2016» байқауы болып өтті.
Байқауға 1 - 4 курс студенттері Марат Эльзира Қуанышқызы, Айдарова Айкүміс Ізбасқанқызы, Саленова Айза Бақтыбайқызы, Құрманғазиева Венера Нұрланқызы, ҚисымоваӘсемжан Асхатқызы, НасиреденЖаннұр Исатайқызы, Молдашева Лаззат Исатайқызы, Ғалымқызы Гүлмаржан , Аманова Ұлжан Сәкенқызы, ШаненоваАмина Әлібекқызы, Базарова Ақмаржан Нұрсайынқызы, Назенғалиева Айман Кенжеғалиқызы, Қуанышева Айзада Асқарқызы, Ақылбекқызы Айкөркемқатынасты.
Сұлулық байқауының әділқазылар құрамында Қ.Дүтбаева атындағы Атырау гуманитарлық колледжінің хореография пәнінің оқытушысы Гүлнар Төлегенқызы Карагузова , «САУАТ» ЖШС директоры Айнұр Джумагалиева, «Веромоделс» сән үйінің директоры Вероника Кошманова, Атырау қаласының Жастар ресурстық орталығының басшысы Ринат Маратұлы Ғилажев,«Веромоделс» сән үйінің режиссері Бибінұр Услу-Артықбаева, Қ.Дүтбаева атындағы Атырау гуманитарлық колледжінің педагогика, психология пәндерінің оқытушысы АрмангүлҚаленқызы Асқарова, музыкант Николай Ким болды.
Байқау 1.«Өнерлі өрге жүзер» өз өнерін көрсету; 2. «Қыздарға әсемдік жарасады» ұлттық киім үлгісінің дефилесі; 3. «Қазақ қызы,қандайсың» салт - дәстүр, әдет - ғұрып, жөн - жоралғы жөнінде сұрақтарға жауап беру турларынан тұрды.
Байқау соңында барлық қатысушы қыздар колледж директорының Алғыс хатымен марапатталды.
«Вице-мисс АГК» атағымен және 10000 тг көлеміндегі сертификатпен 3 курс студенті Құрманғазиева Венера және 2 курс студенті Марат Эльзира марапатталса.
«Мисс АГК» атағын және 15000тг көлеміндегі сертификатты және «Көрермен көзайымы» номинациясын 3 курс студенті Назенғалиева Айман иеленді.
-
Фото
-