
28 – сәуір Дүниежүзілік еңбекті қорғау күні «Жұмыс орнындағы күйзеліс: ұжымдық шақыру»
Әлем жұртшылығы жыл сайын Дүниежүзілік еңбекті қорғау күнін 28 - сәуір күні атап өтеді. Бұл күні әлемнің көптеген елдерінде еңбекшілерге, өндірісте зардап шеккендерге құрмет көрсетіліп, еңбекті қорғау және еңбек мәдениеті бойынша үгіт-насихат шаралары белсенді түрде жүргізіледі. Еңбек қауіпсіздігі жоғары-деңгейде ұйымдастырылғанмекемеде өндірістік жарақаттар, кәсіби аурулар мен кездейсоқ оқиғалар саны азұшырасадыжәнеқызметкерлер мен басшылық бір-біріне ниеттес болып келеді.
Осы күнді жылда атап өтуді Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының Қызылорда облыстық ұйымы да дәстүрге айналдырған. Арал, Қазалы, Қармақшы, Жалағаш, Сырдария, Шиелі, Жаңақорған аудандарында «28 сәуір – Дүниежүзілік еңбекті қорғау күніне» орай дөңгелек үстел, көрме, тренинг, кездесулер өткізілді.
22.04.2016ж «Жұмыс орнындағы күйзеліс: ұжымдық шақыру» тақырыбында бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағалары мен еңбекті қорғау жөніндегі техникалық инспекторларына арналған семинар ұйымдастырды. Негізгі мақсаты ол өзіміздің азаматтарымызға жұмыс орнында лайықты жағдай жасау, жазатайым оқиғалар тәуекелділігін, кәсіби сырқаттарды, өлім жағдайларын төмендетуді, сонымен қатар, жұмысшылардың өмір ұзақтығы мен денсаулығын қамтамасыз етуге бағытталған.
Облыстық кәсіподақ комитетінің төрайымы Р.М.Байназарова қызметкерлердің денсаулығы, өмірі басты назарда екенін және еңбек қауіпсіздігі мәселелері тек қана басшыға, мамандарға ғана емес, әрбір қызметкерге қатысты, әркім өз жұмыс орнында қауіпсіздік ережелерін сақтағанда ғана жазатайым оқиғалар санын азайтуға болатынын сезінуі керектігі және Жаңа Еңбек кодексінің 203 бабына сәйкес ұйымда Өндірістік кеңес құрылып, еңбек қорғау жөніндегі техникалық инспектор сайланып еңбек қауіпсіздігіне қоғамдық бақылауды жүзеге асырумен қатар Жаңадан қабылданып жатқанәрбір қызметкермен қауіпсіздік техникасы, өртқауіпсіздігіне қатысты кіріспе инструктаж, одан кейінжұмыс орнында алдын-алажәнеқайталау, жоспардан тыс инструктажжүргізуі, зияндыжәнеқауіптіжұмыс жағдайларында еңбек ететін қызметкерлерге арнайы тағамдармен қамтамасыз ету, қызметкерлерді жеке қорғаныс құралдарымен, жуу құралдарымен қамтамасыз ету тізімін осы тұста ұжымдық шартқа енгізу керектігін атап өтті.
Білім беру ұйымдарындағы еңбекті қорғау жөніндегі техникалық инспектордың рөлі туралы қалалық кәсіподақ комитетінің төрайымы О.М.Алімбетова баяндады.
Тәжірибе алмасу мақсатында №10 орта мектебінің бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағасы А.А.Даукеева еңбекті қорғау және еңбек қауіпсіздігін сақтау шаралары жөнінде жан-жақты ашып талқылады. №212 орта мектебінің кәсіподақ төрағасы Г.С.Омарова күйзеліс дегеніміз, оның жүзеге асуы, күйзелістен шығу жолдарын және осы жерде кәсіподақтың атқаратын рөліне тоқталып, өздерінің көпжылдық тәжірибелерін ортаға салып көпшілікпен бөлісті.
Қызылорда облыстық еңбек саласындағы бақылау басқармасының еңбекті қорғау және еңбек қауіпсіздігі бөлімінің басшысы А.Айтімов облыстағы білім беру ұйымдарындағы еңбек қызметіне байланысты жарақаттанудың жай-күйі туралы мәлімдеме жасады. Осы орайда облысымыздағы еңбек қорғау жөніндегі техникалық инспекторлардың атқарып отырған жұмыстарына оң баға беріп, алдағы уақытта да қызметкерлердің өмірінің қауіпсіздігі үшін екі жақты бірлесіп жұмыс жасау керектігін атап өтті. Семинар соңында қатысушылардың сұрақтарына жауап берілді.Қатысушыларға еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғауға байланысты нұсқаулықтар таратылды.
Утегенова Н.С.
-
Фото
-