
«Жақсы тілек-жылы жүрек»
Шығыс Қазақстан облысы Риддер қаласының «Шаңырақ» көпсалалы мектеп-гимназиясының ұстаздары Республикалық жастардың «Жүректен-жүрекке» атты акциясына қосылып, оқушылардың қарым-қатынастарын жақсартуына, оларды адамгершілікке, имандылыққа, шыншылдыққа, мейірімділікке тәрбиелеу мақсатында «Жақсы тілек-жылы жүрек» атты сынып сағаттарын өткізді. Бұл шараолардыңбойына рухани-адамгершілік қасиеттерді ұялатуына, жақсы-жаманды ажырата білуіне,адамдық асыл қасиеттерді игеруіне, келешекте көмекке мұқтаж жандарға қайырымдылық көрсете білетін азамат болып өсуінеықпал етеді.
Тыныштық сәті (баяу музыка Секен Тұрысбековтың «Көңіл толқыны»)
Көзімізді жұмып,біраз демалып,жақсы істерді көз алдымызға елестетейік.Біз қазір керемет,әрі сиқырлы,мейірімділік пен сүйіспеншілікке толы әлемге саяхат жасаймыз.Бұл әлемнің ауасы таза,жұпар иісті.Бәріміз де сол әлемге қарай қадам басайық! Біздің жанымызда достарымыз,олардың жанында біз өзімізді еркін сезінеміз.Мейірімділік,сүйіспеншілік ізгілік нұры бізге қонып,жан дүниемізді осы жақсы сезімге толтырады.Адамдар бір-біріне тек жақсылық,қуаныш,ізгілік сыйлап жатса,қандай жақсы болар еді.Қайтатын уақыт та келді.Осы әлеммен қоштаса отырып,мейірімділік нұрын өзімізбен бірге ала кетейік. Енді барлығымыз көзімізді ашайық.
Тыныштық сәтінен кейін бәріміз ортаға шығып, шаттық шеңберін» құрдық.Әрбіріміз қасымызда тұрған досымыздың жақсы қасиеттерін ізгі,жылы сөздермен,жылы жүрегімізбен,күлімдеген көзімізбен, жымиған езуімізбен жеткіздік.
(Сен нағыз доссың, әдемісің, мейірімдісің өте ұқыптысың,еңбекқорсың және т.б).(фото 1)Әрбіреуіміздің жылы лебізімізден кейін топтарға бөлініп, топ бойынша «Жылулықты қалай түсінесің» деген тақырыпқа жоба қорғау тапсырмасы берілді.
Әр топ мейірімділікті әр түрлі жеткізді. Бірі суретпен жеткізсе, (фото 2) бір топ өздерінің ән шумақтарымен жеткізді (фото3).
Енді бір топ өз ойларынан тақпақ шығарып өз жырларымен жеткізді.
ІІ тапсырма
Бір мазасыз балапан өмір сүріпті.Күндердің күнінде ол анасынан «Мейірімділік деген не?-деп сұрапты». «Сен әлі кішкентайсың.Өскеннен кейін түсінесің», деді анасы. Жолда ол жылап жүрген ешкіні кездестіреді,ол балапаннан жоғалып кеткен лағын тауып алуға көмектесуін сұрайды. «Менде уақыт жоқ»,-деді балапан,- мен мейірімділіктің не екенін білуім керек»,-деді де, әрі қарай жүгіріп кетеді. Шалғайдан балапанды кездестіреді,ол ағашқа ілініп қалған шарды ала алмай жүреді. «Балапан,балапан маған шарды алуға көмектесіп жіберші»,-деп сұрайды қыз. «Менде уақыт жоқ,дейді балапан,
-Мен мейірімділіктің не екенін білгім келеді». «Маған айтшы»,-деді балапан. «Бірінші сен шарды алып бер дейді. Балапан шарды алып береді. «Мінеки, сен қайырымды іс істедің.Мейірім деген осы». «Қандай оңай?»-деп таң қалды балапан.
Мәтін бойынша өзіндік пікірлерін білу мақсатында төмендегідей сұрақтар қойылды.
а)Мейірімділікдеген не?
ә)Неге мейірімді болу керек?
б)Қалаймейірімдіболуғаболады?
Мейірімділік-олбасқаларғақамқор болу.Қайырымды болу-жердегінің бәріне қамқорлық жасау дегенді білдіреді.Мейірімділік адамдар мен табиғат және жануармен қарым-қатынаста байқалады,айқындалады.Мейірімді болу адамдарға қамқорлық жасау және де қоршаған ортаға,өзіңе қамқорлық жасау.
ІІІ.«Құпиялы қасиет» ойыны.(бір шеңберге тұра қалады да, қолдарын алдына қарай,алақандарын бір-біріне тигізіп,созады (фото 4).
Жүргізушінің қолында,мейірімділік қасиетін білдіретін белгі ретінде,тиын ұстап тұрады. Жүргізуші екі алақандарының арасындағы тиынды топтағы адамдардың алақандарына салғандай тигізеді де,былай дейді: Сезім «өте мейірімді». Сонан кейін Архат алақанын ашады да,тиын бар ма,жоқ па, көрсетеді. Жүргізушітиынның кімде екенін табуға үш рет мүмкіндік беріледі.
VI « Мейірімділік нұры» жаттығуы. (Фото 5)
Қазір мен тақтаға мейірімділік шапағын ілемін.Бұл шапақтан жан-жаққа шуақ шашылуы керек. Ол үшін алдарыңдағы стикерге мейірімділікке байланысты сөздер жазып, шуаққа нұр таратамыз, яғни мейірімділік нұрын шашамыз.
Қорытынды: Жақсылық жасау-әр адамның қолынан келеді. Жылы жүрек, шын пейіл, ниет, нәзік сезім адамды жақсылыққа бастайды. Жақсылықтан-жақсылыққа ұмтылу адамды бақытқа, игілікке жеткізеді. Ешқандай жақсылық зая кетпейді. Сондықтан да айналаңдағы адамдарға сергек қарап, сезімталдық таныт. Олардың жақсылығын сезіп көре біл. Қуанышқа ортақ болып, қиындығын бөліс. Сонда сен де олардың сүйіспеншілігіне бөленесің.
Бір-бірімізге жақсы, жылы сөздер айтылса, өмір мейірім мен қайырымға толы болады, қуаныш пен шаттыққа кенеледі. Сондықтан да барлық уақытта бір-бірімізге жүрекке жылы тиетін жақсы лебіздерді жиі айтып жүрейік.
ШҚО Риддер қаласының«Шаңырақ» көпсалалы мектеп-гимназия»коммуналдық мемлекеттік мекемесі
-
Фото
-