.jpg)
Павлодар облысының білім және ғылым саласындағы әлеуметтік серіктестік және әлуеметтік-еңбек сұрақтарын реттеу бойынша Салалық комиссиясының отырысы өтті
Салалық келісімге өзгерістер енгізілді
2016 жылдың 18 сәуірінде Павлодар облысының білім және ғылым саласындағы әлеуметтік серіктестік және әлуеметтік-еңбек сұрақтарын реттеу бойынша Салалық комиссиясының отырысы өтті.
«Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының Павлодар облыстық ұйымы» ҚБ-нің төрайымы Науразбаева Г.А. комиссия мүшелерін жаңа ҚР Еңбек кодексінің ережелерін кәсіподақ ұйымдарының қолдану жұмыстарымен таныстырды.
Қоғамдық бірлестік Күндері аясында облыс қалалары мен аудандарында кәсіподақ кадрларының және белсенділерінің, әлеуметтік серіктестер – ұйым басшыларының қатысуымен семинарлар өткізілді. Еңбек заңнамасы, еңбекақы төлеудің жаңа жүйесі және де басқа заңды сұрақтар бойынша 90 адамнан аса жеке кеңес алды. Қоғамдық бірлестік Күндеріне қатысушылар саны 1,8 мыңнан асты. Осыдан басқа білім беру ұйымдарында Еңбек кодексін түсіндіру жұмыстары кәсіподақ үйірмесін, еңбек бойынша мемлекеттік инспекторлар, заңгерлермен кездесулер ұйымдастыру арқылы өріс алды. Іс-шаралар арқылы 35 мыңнан астам жұмыскерлер қамтылды.
Жаңа ҚР Еңбек кодексін қабылдағаннан кейін білім беру ұйымдарында кәсіподақ ұйымдарының бастамасымен Өндірістік кеңес құрып, еңбек бойынша техникалық инспектор тағайындалды, 2016-2017 жылдарға ұжымдық келісім-шарт жасалды.
Облыстық білім басқармасының ұйымдастыру – кадрлык және құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімінің басшысы - Ғ.Қ. Мусинаның төрайымдылық етуімен Салалық комиссия отырысында Еңбек кодексінің ережесін енгізу туралы мәселелер қаралып келесі сұрақтар қарастырылды:
- Салалық комисия құрамына өзгерістер еңгізу;
- Білім беру басқармасы мен «Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының Павлодар облыстық ұйымы» ҚБ-нің арасындағы Салалық келісімге өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы Қосымша келісім шарт жобасы туралы;
- 2016 жылға Салалық комиссияның жұмыс жоспарын бекіту.
Жобаны талқылау барысында Павлодар облысының білім беру басқармасының басшысы Б.М. Бексейітова мен қоғамдақ бірлестіктің төрайымы Г.А. Наурызбаева Салалық келісімге өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы Қосымша келісім шартқа қол қойды.
Г. Жәркеновақұқықтық мәселелер жөніндегіҚБ бас маманы
-
Фото
-