
28 сәуір - Дүниежүзілік еңбекті қорғау күніне арналған «Жұмыс орнындағы күйзелісті болдырмау» апталығы
Қызылорда облысы Қармақшы ауданы бойынша мектеп ұжымдарында 28-сәуір Дүниежүзілік еңбекті қорғау күніне арналған «Жұмыс орнындағы күйзелісті болдырмау» апталығы өткізілді.
Мақсаты: Халықаралық еңбек ұйымы жұмыс орнында өндірістік жарақаттану мен кәсіптік аурулардың алдын алу, еңбек қауіпсіздігі, жұмыспен байланысты жарақаттар, аурулар мен өлім санының артып отырғандын қоғам назарына аударуды насихаттау.
11.04.2016ж. Байқоңыр қаласы № 273 орта мектебінде Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөнінде кәсіподақ мүшелерімен өндірістік кеңес өткізілді. Кеңес барысында еңбек қауіпсіздігін сақтау шаралары жөнінде, ұжымдық шарттағы келісілген шарттардың орындалуы қажеттігі жөнінде мектеп директоры А.Жиенбаев хабарлама жасап, түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
12.04.2016ж. «Кәсіподақтың бізге көмегі...» тақырыбына мектептің бастауыш кәсіподақ комитетінің төрайымы З.Бакиева дөңгелек үстел өткізді. Кәсіподақ төрайымы еңбекті қорғау туралы кітапшалармен таныстырып, еңбек қауіпсіздігін сақтау, білім және ғылым саласындағы азаматтардың құқықтары, еңбек тәртібі, аттестациялау жөнінде түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
13.04.2016ж. Мектеп психологы Ә.Әбенова «Адами қарым-қатынас ізгіліктері» тақырыбында тренинг өткізді. Ұстаздарды тығырықтан шығуға үйрету мақсатында «Айналма» ойыны ойнатылды.Сенімді, сенімсіз, агрессивті мінез-құлықты бір-бірінен ажырата білу мақсатында «Сенімді, сенімсіз, агрессивті мінез-құлық» жаттығуы жасатылды.Психоэмоционалдық жай-күйді реттеу, психихалық саулықты реттеу, көтеріңкі көңіл-күй қалыптастыру мақсатында мұғалімдер «Атомдар» ойынын ойнады.
Сенімді, сенімсіз, агрессивті мінез-құлықты бір-бірінен ажырата білу мақсатында «Сенімді, сенімсіз, агрессивті мінез-құлық» жаттығуы жасатылды.
Мұғалімнің бойындағы ішкі эмоцияларды, ашу-ыза сезімдерді шығаруға ықпал ету мақсатында «Ашулы шарлар» ойыны ойнатылды.
Тренинг жаттығуларына қатысушыларға бір-біріне деген ықылас-тілектерін білдіру мақсатында «Тілек шамы» берілді.
14.04.2016ж. Кәсіподақ мүшелерінің денсаулығын нығайту, өмірге сергек көзқарас қалыптастырып, сергіту мақсатында дене шынықтыру пәні мұғалімі М.Бегалиев спорттық ойындардан сайыс ұйымдастырды.
15.04.2016ж. Техникалық қызметкерлер үшін еңбекті қорғау сабағында алғашқы медициналық көмек көрсету әдістері түсіндірілді.
Жұмыс орнындағы күйзелісті болдырмау, бола қалған жағдайда одан шығу жолдарын қарастыру мақсатында бейнелеу пәнінің мұғалімі А.Есбаева мастер-класс ұйымдастырды. Мұғалімдер суға сурет салу өнері - эбрумен таныс болып, су бетіне өздерінің алғашқы бедерлерін түсіріп, көтеріңкі көңіл күйде болды.
11.04.2016ж Төретам кенті № 279 орта мектебінде кітапханашылар С.Кузембаева мен Г.Смайлованың ұйымдастыруымен «Қауіпсіз еңбекті қорғау мәдениеті» атты көрме ұйымдастырды. Ол көрмеге Қазақстан Республикасының еңбекті қорғау кодексі, еңбек қауіпсіздігін қорғауға арналған нұсқаулықтар, жұмыспен байланысты болатын аурулардың сурет топтамалары қойылды. Мектеп қызметкерлеріне қауіпсіз еңбек мәдениетін қалыптастыру әр адамның өзінен басталуы керектігін түсіндірілді. Көрмеге қойылған материалдардан қауіпсіз еңбекті қалыптастыру мәдениеті жөнінде ақпаратттармен танысты.
12.04.2016ж күні мектептің қоғамдық инспекторы, АӘД пәнінің мұғалімі Е.Байқуатов мектеп қызметкерлеріне «Жұмыс орнындағы еңбекті қорғау» тақырыбында баяндама жасады. Онда жұмыс орнында еңбекке қойылатын талаптар мен еңбекті қорғау туралы мәліметтер берді.
13.04.2016ж күні мектеп медбикесі Г.Садыкова. «Кәсіптік аурулардың алдын алу» тақырыбымен мектеп қызметкерлеріне дәріс оқыды. Онда кәсіптік аурулардың түрлері, белгілері, кәсіби аурулардың көрсеткіштері туралы түсініктер берді. Кәсіби ауруларға байланысты жыл сайын қосымша демалыс беру, жұмыс кезін де үзіліс жасау, техникалық қауіпсіздікті сақтау керектігі ескертілді. Қызметкерлер арасында кәсіби аурулардың алды-алу үшін әр адам салауатты өмір салтын ұстану басты қағида екендігін толығырақ еске салды.
14.04.2016ж күні мектеп психологі Э.Медеуова «Жұмыс орнындағы күйзелісті болдырмау» тақырыбында мектеп қызметкерлері арасында тренинг өткізді. Жұмыс орнындағы күйзелісті болдырмау үшін алдымен өзіңді қандай жағдайда да жақсы сезініп жүрудің маңыздылығы зор екендігі айтылды. Мектеп қызметкерлері көбіне компьютер алдында отыратындықтан арнаулы дене, көз жаттығуларын жасауға кеңес берді. Мектеп қызметкелерін қатыстыра отырып өткізген «Көңіл-күйіңді көтеріп қуана біл» атты тренинг қатысушылардың көңілін бір серпілтті.
15.04.2016ж күні осы өткізілген жұмыстарды қорытындылау барысында кәсіподақ ұйымының жетекшісі А.Камбалова дөңгелек үстел өткізді. Онда дүниежүзілік еңбекті қорғау күніне байланысты жоспарланған жұмыстар атқарылып, мектеп қызметкерлері жалпы қоғам назарын аударуға тиісті ақпараттармен танысып біле отырып, алдағы уақытта қауіпсіз еңбектің сақталатындығына сенім білдірді.
04.2016 ж. № 277 орта мектебінде «Мұғалімдердің психологиялық күю синдромы» атты іс-шара өтті.
Іс-шараға мектеп ұжымы қатысып, аталған процестің пайда болу себептерін, оның белгілерін және бұл синдромның алдын алу жолдарымен танысты.
Синдромның профилактикалық жолдары:
- түнгі ұйқысын бұзбау;
- табиғатқа шығу;
- жағымды әуен тыңдау;
- массаж қабылдау;
- баня;
- өлең жолдарын оқу;
- бір-бірімізге комплимент айту.
Есте сақтаңыз- ешқашанда оқшауланбаңыз, проблемаңызды біреумен бөлісуге тырысыңыз.
Іс-шара соңында ұстаздардан психологиялық тест алынды. Олар өздерінің эмоционалдық портретін таныды.
Қармақшы аудандық білім қызметкерлерікәсіподақ комитетінің төрайымы Ж.Молдабаева
-
Фото
-