
Дүниежүзілік еңбекті қорғау күні қарсаңындаөткен «Жүректен жүрекке» қайырымдылық акциясы
«Дүниежүзілік еңбекті қорғау күніне» орай 22-ші сәуір күні сағат 11.00-де Астана уақытымен «Жүректен жүрекке» республикалық жастаракциясынаСарқан аудандық кәсіподақ комитетінің жастар кеңесінің мүшелері де үлестерін қосты. Осы шара барысында қала мектептерінде ұзақ жылдар ұстаздық еткен зейнеткерлердің үйлеріне барып, өздерінің көмегін көрсетті. Акцияны өткізудің негізгі мақсаты–жас ұрпақты оқыту мен тәрбиелеп, ұзақ жылдар бойы мектепте еңбек еткен ұстаздардың көңіліне қуаныш сыйлау жәнеқамқорлық көрсету.
Шара барысында Н.Островский атындағы мектеп лицейінің зейнеткері Хасенова Галия Хасенқызына, №1 мектеп гимназиясыныңзейнеткеріКизилова Нина Ивановнаға және Ақын-Сара атындағы орта мектебінде ұзақ жылдар қызмет еткен Каирканова Күлән Садуақасқызына, зейнеткер ұстаздарға азық-түліктер себетін тарту етіп, қуаныш сыйлады. Осы қайырымдылық шеңберіндеАбай атындағы орта мектеп гимназиясы Қазанатова Күләй Күмісбекқызының және Алтынсарин атындағы орта мектебі Сапиева Қапаш Қалиасқарқызының үй жайын, айналасын, бау-бақшаларын жөндеп, жерін қопсытып, жеміс ағаштарын әктеп тазалап берді.
Осылайша ұлтымыздың ұрпақтан ұрпаққа жалғасқан кеңпейіл де жомарт, мейірім мен қайырымдылыққа толы ізгілікті болмысы кәсіподақ белсенділерінің осындай іс - шаралары арқылы акциядан тыс уақытта да жалғасын табады.
Сымбат СулейменоваАлматы облысы, Сарқан қаласы