
28 сәуір - Дүниежүзілік еңбекті қорғау күніне орай өткізілген іс-шара
«Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының Атырау облыстық ұйымының Исатай аудандық комитеті» филиалының ұйымдастыруымен 2016 жылдың 19 сәуір күні жалпы білім беретін Новобогат орта мектебінің базасында 28 сәуір Дүниежүзілік еңбекті қорғау күніне орай аудандық деңгейде «Еңбек бейнет емес - зейнет» тақырыбында мерекелік шара өткізілді. Мерекелік шараға бастауыш кәсіподақ ұйымдарының төрағалары, техникалық инспекторлар және арнайы мейман ретінде білім ордаларында 20 жылдан астам қызмет еткен техникалық қызметкерлер шақырылды.
Шараның мақсаты:
- Елбасы Н.Ә.Назарбаев тұжырым жасап берген «Әлемнің әміршісі-еңбек»деген қағиданы дәлелдеу негізінде еңбектің құнды жеңіс екендігіне көз жеткізу;
- Қашанда адал еңбек нәтижесінің адамды қуанышқа, бақытқа, байлыққа жетелейтіндігін айта отырып, сол еңбек зейнетіне жету үшін адам өмірі мен денсаулық қадірін білуді ұғындыру;
- Әр адамның құндылығын, адал еңбегін құрметтеу;
- Өркениетті елдер қатарына қосылудың құрамдас бөлігі ретінде еңбек мәртебесін көтеру;
- Еңбек ету барысында бірліктің, татулықтың керектігін паш ету.
Шара соңы мектеп оқушыларының дайындаған әсем сазды музыкалық сәлеміне ұласты.
-
Фото
-