Түркістан қаласы білім және ғылым қызметкерлері кәсіподақ комитетінің «Оқу әдістемелік орталығында» республикалық семинар өтті
Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар Федерациясының «Даулы мәселені зерттеу және шешу оқу орталығы» Оңтсүтік Қазақстан облысының кәсіподақ белсенділеріне семинар өтті.
Семинардың Түркістан қаласында өтуіне ұйытқы болып, ұйымдастырушы Оңтүстік Қазақстан облысы Кәсіподақтар орталығының төрағасы Карабеков Ғани Ажиденович семинарды ашып, бағдарламасымен таныстырды«Қазақстан республикасының Еңбек заңнамасы» тақырыбында Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар Федерациясының төрағасының орынбасары Жумагельдиева Гульнара Амангельдиевна кәсіподақ белсенділеріне лекция оқыды. Лекциясында Қазақстан республикасының Еңбек заңының жаңарып, заңға енген өзгеріс туралы және бастауыш кәсіподақ ұйымы төрағаларының тәжірибеде қолдануына түсіндірме жұмыстарын айтып өтті.
«Әлеуметтік әріптестік және кәсіподақтың тұтқалы рөлі», «Әлеуметтік әріптестік және ұжымдық келісім шарт» тақырыбында Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар Федерациясының «Даулы мәселені зерттеу және шешу оқу орталығы»ның директорының міндетін атқарушы Кажыкен Мейрам Зекешұлы лекция оқыды. Әлеуметтік әріптестіктің базалық бөлімдерін және салалық келісімдердің қалпын, ұжымдық шарттарды дайындаудың ерекшеліктерін түсіндірді.
Жаңа заң аясында әр тармақтар мен баптарға тоқталып, оның ішінде Еңбек кодексіне ерекше мәң берді. Арнайы слайд арқылы түсіндіріліп, сұрақ – жауапқа кезек берілді. Қатысушылар көкейлерінде жүрген сауалдарының жауаптарын алды. Семинар құндылығымен кәсіподақ белсенділеріне үлкен ой тастады.
Семинарға Түркістан, Қентау қалаларынан, Отырар ауданының салалық кәсіподақ белсенділері қатысты. Кәсіподақ белсенділеріне сертификат тапсырылды.
Түркістан қалалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподақ комитетінің төрайымы Гүлжан Әсілбайқызы қортындылады. Өз сөзінде бүгінгі семинардың заман талабына сай екендігін, бүгінгі таңда халықтың әлеуметтік жағдайын көтеруде еңбек заңнамасының берері мол, оны оқып үйренуде, зерттеуде насихаттауда кәсіподақ белсенділерінің сауаттылығы заман сұранысы екені баршамызға аян. Кәсіподақ белсенділерінің тәжірибесін арттыруда, тәжірибе алмасуда семинарлардың мағыналы, мәнді ғылыми тұрғыда түсіндірілуі бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағаларына үлкен көмек.
Қонатарға Түркістан қалалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподақ комитетінің атқарған жұмыстарымен таныстырды және «Оқу әдістемелік орталық – кәсіподақ белсенділерінің бастау алар бұлағы» атты бейне ролик көрсетілді.
Семинарға қатысушалыр ризалық пейілмен, ыстық ықыласпен рахметін білдірді.
Түркістан қалалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподақ комитетінің маманы М.Кенжебаева
-
Фото
-