«Үздік кәсіподақ жетекшісі-2016» байқауы өтті
Сарыағаш аудандық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподақ комитетінің ұйғарымымен Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған «Үздік кәсіподақ жетекшісі-2016» байқауы өтті.
Аудандық кәсіподақ комитетінің 24.0.12016ж №11 қаулысына сәйкес барлық бастауыш кәсіподақ ұйымдарына байқаудың ережесі жеткізіліп, таныстырылды.
Ережеге сәйкес байқау 2 басқышта өткізілді. 70 бастауыш кәсіподақ жетекшілері 6 аймаққа бөлініп, аймақтарда өткізілді. Аймақтық байқауда жеңімпаз анықталып, 1 және 2 жүлделі орын алған кәсіподақ жетекшілері аудандық байқауда өнер және білім сайысына түсті.
Байқаудың мақсаты Тәуелсіз Қазақстанның 25 жылдық мерекесіне, Қазақстан Республикасының Кәсіподақтары XXIV съезінің шешімдерін жүзеге асыру, бастауыш кәсіподақ ұйымдарының, кәсіподақ мүшелерінің әлеуметтік –экономикалық және құқықтық мүдделерін қорғауға белсенділігін арттыру, бастауыш кәсіподақ ұйымдары жетекшілеріне көмек беру, озат тәжірибелерін анықтап, оны насихаттау болды.
Аудандық байқау №141 жалпы орта мектебінің думан залында өтті. Сахна тақырыпқа сай әсем безендірілді. Аудандық кәсіподақ комитетінің төрағасы Ә.Тастанбеков қатысушыларға құттықтау сөздер айтып, сәттіілк тіледі.
Барлық кәсіподақ жетекшілері арнайы көрме дайындап, өз жетістіктерін көрсетті. Өзін-өзі жан-жақты таныстыру, өзін әр-түрлі өнермен қөрсету, еңбек заңнамаларынан білімін көрсету сияқты сыннан сүрінбей өткен №137 жалпы орта мектебінің кәсіподақ комитетінің төрайымы Майра данабекова бас жүлде- «Қарғалы» шипажайына тегін жолдамаға ие болды.
1-орын қаланың №12 кәсіптік-техникалық колледж кәсіподақ комитетінің төрайымы Гүлзинат Сарыбековаға берілді.Ә.Молдағұлова атындағы жалпы орта мектебінің кәсіподақ комитетінің төрағасы Ермахан Тәттібаев, Ғ.Мұстафин атындағы жалпы орта мектебінің кәсіподақ комитетінің төрайымы Балжан Қалыбаева 2 орынға, Окороков, Ы.Алтынсарин және Т.Айбергенов атындағы жалпы орта мектептерінің кәсіподақ комитеттерінің төрайымдары Нағима Әліпбаева, Клара Абдрахимова, Жаңыл Қожабергеновалар 3 орынға ие болды. Жеңімпаздарды Оңтүстік Қазақстан облыстық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағы комитеті төрағасының орынбасары Әбуов Ахмет және Қазығұрт аудандық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподақ комитетінің төрағасы Қанатбаев Аппас құттықтады.
Байқау жеңімпаздары арнайы сертификаттар, диплом және қаржылай сыйлықтармен марапатталды.
Сарыағаш аудандық кәсіподақкомитеті төрағасының орынбасарыТ.Көкетаев
-
Фото
-