.jpg)
«Еңбек қатынастарын құқықтық реттеудегі Қазақстан Республикасының еңбек заңдылықтарын қолдану тәжірибесі» тақырыбында Мұғалжар аудандық кәсіподақ ұйымында өткен облыстық көшпелі семинар туралы мәлімет
2016 жылдың 1-қаңтарынан бастап елімізде жаңа Еңбек кодексі мен жалақы төлеудің жаңа моделі күшіне енді.Осыған байланысты қазіргі таңда осы тақырыпта жаппай оқыту жұмыстары елімізде жүріп жатырғаны белгілі. Мұндай игілікті істер Қазақстандық салалық білім қызметкерлерінің кәсіподағының Ақтөбе облыстық ұйымында да жалғасын тауып келеді. Ақтөбе облысының әр ауданында кестеге сәйкес көшпелі оқыту-семинарлары өтуде. Сондай бір көшпелі оқыту-семинары 2016 жылдың 8-сәуірінде Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының Ақтөбе облыстық ұйымы қоғамдық бірлестігінің филиалы Мұғалжар аудандық кәсіподақ ұйымында өтті. Көшпелі оқыту-семинарын Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының Ақтөбе облысы ұйымының бас маманы, заңгер, Алимпиев Александр Львович жүргізді.
Семинарға білім бөліміне қарасты 68 мекеме басшылары және 71 бастауыш кәсіподақ ұйым төрайымдары мен төрағалары, 11 есеп қызметкерлері, білім бөлімінің заңгері, кадр жөніндегі бас маманы қатысты.Семинардың жұмысы негізінен 2 бөлімнен тұрды. Алғашқысында күн тәртібіндегі мәселелер бойынша жаңа Еңбек кодексін тәжірибеде қолданудың бірқатар сұрақтары, өзгертулер мен толықтырулар, өндірістік кеңес пен техникалық инспекторлар қызметі, еңбек даулары мен келісім комиссияларының жұмысы,ұжымдық шарт, еңбекақы төлеудің жаңа моделін тәжірибеде қолдану ерекшеліктері туралы кеңінен ақпарат берілді.Семинардың екінші кезеңінде сұрақ-жауап сағаты өткізілді. Бұл сұрақ-жауап сағаты белсенді әрі жоғары қызығушылықпен өтті.
Жалпы семинар барысында жазбаша да, сонымен қатар ауызша да сұрақтар мен өтініштер жолданды. Жауаптар алынып, бірқатар сауалдар қызу пікір алысу өзегіне айналды. Түскен сауалдардың ешқайсысы да жауапсыз қалған жоқ. Семинар барысында нақты жауап беруге болатын сұрақтарға бірден түсіндірме беріліп, қосымша зерттеп-зерделеуді қажет ететін мәселелер заңгердің қоржынына түсіп, сарапталып, артынан жауап берілетіндігі ескертілді.
Қалай дегенмен, аталған семинардың мекеме басшыларына, кадр қызметі мамандарына, кәсіподақ жетекшілеріне берері мол болғандығы талассыз.Семинар соңында семинарға қатысушыларға «Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының Ақтөбе облыстық ұйымы» қоғамдық бірлестігініңарнайы сертификаттары берілді.
Ақтөбе облысы Мұғалжар аудандық кәсіподақ ұйымының төрағасы Е.Шымқаев
-
Фото
-