
Студенттік көктем-2016
Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде көптен күткен мереке, дүбірлі дода «Студенттік көктем – 2016» өнер фестивалі басталды. Жыл сайын студенттер кәсіподақ және жастар ісі жөніндегі комитеттерінің ұйымдастыруымен өтетін бұлбайқау – жастардың асыға күтіп, бір жыл бойы жан-жақты дайындалатын ерекше шаралардың бірі. Биылғы фестивальдің өзіндік ерекшелігі, ол – Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігің 25 жылдығымен тұспа тұс келуінде.
Білім, ғылыммен бірге өнерді де қатар алып жүрген шығармашыл, талантты жастарды шыңдау, оларға қолдау көрсету мақсатында өтетін аталмыш байқауда университетке қарасты 4 факультеттің өнерлі өрендері өзара бақ сынасты. Шараның ашылу салтанатында сөз алған ректордың жастар саясаты жөніндегі кеңесшісі Ж.Н.Базартай жиналғандарды фестивальдің ашылуымен құттықтап, өнерпаздарға сәттілік тіледі. Сайыс ережесі бойынша белсенді жастар "Сәлемдесу", "Әртүрлі тілде заманауи эстрада әндері", "«Modern dance» заманауи билер", "«100 пайыз» пародия байқауы", "Бейнероликтер байқауы", "«Тәуелсіздік – тұғырым!» атты тарихи қойылым"кезеңдері бойынша бақ сынасты. 4 күнге жалғасқан дүбірлі сайыста өз өнерлері мен жеңіске деген ынтасымен дараланған Гуманитарлық-педагогикалық факультетінің студенттері "Бас жүлдені" қанжығаларына байлады.
Дәстүрлі өнер фестивалінің жеңімпаздары гала концертте университет ректорының дипломдары мен студенттер кәсіподақ комитетінің бағалы және ынталандыру сыйлықтарымен марапатталды.
-
Фото
-