
ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығы қарсаңында
4 сәуір күні Қ.Дүтбаева атындағы Атырау гуманитарлық колледжінде "Эверест" дебат клубының белсенділері, Жастар ісі комитеті, Студенттік кәсіподақ ұйымының бірлесуімен Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай пікірталас ойындары болып өтті.
Пікірталасты өткізудегі басты мақсатымыз ел тәуелсіздігінің 25 жылдығын жастар арасында насихаттау, студент жастардың қоғамдық ортада сөз сөйлеу қабілетін ұштау, шешендік өнерге баулу, олардың интеллектуалдық ой-өрісін ұштау, жастар бойында дұрыс сөйлеу және дұрыс тыңдай білу қабілетін қалыптастыру, өзінің нақты көзқарасы бар талантты жастарды топтастыру.
Ойынға 4 топ қатынасты.
Олар: "Елін сүйген ер қыздар" тобыСабитова Динара,Бақытжанова Бибіробия, "Экзо" тобы Бисенғалиев Аян, Ғалымова Ерсана, "Шаңырақ" тобы Смағұлова Көркем, Сембай Жанат, ХайдоллаАйназ, Ардақ Ақжарқын. Пікірталас барысында ұсынылған қарарлар: қазақ қыздарының өзге елде бақ табуы дұрыс па, бұрыс па?
Мұғалім беделін арттырудың тиімді жолдары.
Екі тақырып бойынша түрлі ойлар айтылып, қызу талқыға түсті.
Студенттік кәсіподақ ұйымы барлық қатысушыларға алғыс хаттар, дипломдар, сыйлықтар дайындап табыстады.
-
Фото
-