Павлодар облысы Качир ауданы білім беру қызметкерлерінің арасындағы 2016 жылғы XV аудандық спартакиада
2016 жылы Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған XV аудандық спартакиада бағдарламасында Качир ауданы білім беру қызметкерлерінің арасында тоғызқұмалақ, шахмат, үстел теннисі, нысанаға оқ ату, волейбол бойынша сайыстар өтті. Сайыстарға ауданның 38 білім беру ұйымдарынан 445 адам қатысты.
Бірінші қорытынды әйелдер арасындағы шахмат бойынша шықты: 1 орынды М.К. Сурумбетова – Львовка ЖББОМ, 2 орынды Д.Б. Садуова – Качир ауданы білім беру бөлімі, 3 орынды К.Г. Кучуркина – Песчан № 2 мектеп-интернаты иеленді. Ерлер арасында 1 орын А.Е. Нұрғалиевке – «Самал» ССО, 2 орын А.А. Свинцовқа – Ивановка ЖББОМ, 3 орын Б.С. Арыновқа – «Талбесік» бөбекжайы тиесілі.
Тоғызқұмалақ ұлттық ойыны сайысының қорытындысы бойынша әйелдер арасында 1 орынға С.С. Кульбаева – Байқоныс ЖББОМ, 2 орынға А.Ж.Тункинова – Покровка НМ, 3 орынға Г.С. Сапаргалиева – Қ.Оспанова атындағы №3 ЖББОМ ие болды. Ерлер арасында 1 орынды А.Ж. Имаханов – Калиновка ЖББОМ, 2 орынды Б.С. Абдрахман – Трофимовка ЖББОМ, 3 орынды А.Б. Исимбаев –Ивановка ЖББОМ қанжығаларына байлады.
2016 жылдың 29 наурызында өткен үстел теннисінің қорытындысы бойынша әйелдер арасында 1 орынға Жасқайрат мектебінің қатысушысы А.Е.Теондыкова, 2 орынға аудандық кәсіподақ ұйымы филиалының төрайымы А.Ф. Арынова ие болса, 3 орынды Н.К. Капанова – Байқоныс ЖББОМ алды.
Ерлер арасында 1 орынды Т.Б. Тембаев – Қ.Оспанова атындағы №3 ЖББОМ, 2 орынды А.А. Касанов – Березовка ЖББОМ иеленді, 3 орынды Д.Е. Жұмалинов – Воскресенка ЖББОМ алды.
2016 жылғы 30 наурыздағы нысанаға оқ ату сайысы қорытындысы бойынша әйелдер арасындағы сайыста Н.Т. Талипова – Песчан №1 ЖББОМ 1 орын иегері атанса, 2 және 3 орындарға М.Н. Бедрина – Качир №1 ЖББОМ, А.Ф. Арынова аудандық кәсіподақ ұйымы филиалының төрайымы лайық деп танылды. Ерлер арасында 1,2 және 3 орындарға сәйкесінше А.А. Сорокин – А.Елгин атындағы №1 ЖББОМ, О.М. Бектұров – Федоровка ЖББОМ, С.А. Әділбаев – Қ.Оспанова атындағы №3 ЖББОМ ие болды.
XV аудандық спартакиада бағдарламасында, волейбол ойындары екі топ бойынша өтті, «А» тобында 144, «Б» тобында 54 адам қатысты.
2016 жылы 29 наурызда өткен волейболдан «В» тобы жарысының қорытындысы бойынша «Балдаурен» балабақшасының командасы 3 орынға, 2 орынға Осьмерыжск ЖББОМ командасы, 1 орынға Зеленорощинск ЖББОМ ие болып, жеңімпаз командаға кубок табысталды.
«А» тобында 3 орынды А.Текенов атындағы №2 ЖББОМ, 2 орынды Бобровка ЖББОМ командасы алса, Песчан № 1 ЖББОМ командасы 1 орынға ие болып, жеңімпаздарға кубок табысталды.
2016 жылғы 29 наурызда біздің ауданда алғашқы рет волейболдан мектеп директорлары мен Качир ауданның кәсіподақ комитеттері председателдерінің құрама командалары арасында жарыс өтті. Достық кездесу нәтижесінде ауданның кәсіподақ комитеттері төрағаларының құрама командасы жеңімпаз атанды. Құрама командалардың әр қатысушысына ауданның спорттық өміріне белсенді қатысқандары үшін алғыс хаттар табыс етілді.
Ережеге сәйкес, ұйымдастырушы комитет үш үздік командаға марапаттау тағайындады. 3 жалпы командалық орынды 40 ұпай жинап Қ. Оспанова атындағы №3 ЖББОМ алды, А.Текенов атындағы №2 ЖББОМ 32 ұпай жинады, бұл спортшыларға 2 сатыға көтеріліп, жалпы командалық 2 орынды иеленуге мүмкіндік берді. Білім беру қызметкерлерінің арасындағы 15 аудандық спартакиадада 21 ұпай жинаған А.Елгин атындағы №1 ЖББОМ командасы жеңімпаз атанды.
Сайыс қорытындысы бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлер дипломдар, бағалы заттармен марапатталды. Жалпы командалық есепте жеңімпаз атанған командаға кубок табыс етілді.
Білім беру бөлімі, Качир ауданы білім беру қызметкерлерінің аудандық кәсіподақ ұйымы КСРО спорт шебері, ҚазақССР жаттықтырушысы, педагогикалық еңбек ардагері П.Е. Яценкоға, спартакиада қатысушыларына, сайыс төрешілері У.С. Уралов, Ж.А. Тургульдинов, М.К. Сурумбетов, Л.С. Алейникова, Б.С. Абдрахман, Ш. Түгелбай, Ю.В. Михайлов, Е.А. Воробьев, Н.Ж. Шарапитов, С.А. Әділбаевқа және сайысты ұйымдастырған және басқа да белсенділік танытқан тұлғаларға алғыс білдіреді.
«Качир аудандық білім беру қызметкерлерініңкәсіподақ ұйымы» ҚБ филиалының төрайымы А.Ф. Арынова
-
Фото
-