2016 жылдың 30 наурызында Шығыс Қазақстан облыстық білім беру және ғылым қызметкерлері кәсіподақ ұйымының Комитеті өтті
Комитет жұмысын бастамас бұрын облыстық кәсіподақ ұйымының төрағасы Н. Қасенова Зайсан және Қатонқарағай аудандық мәслихатқа депутат болып сайланған аудандық кәсіподақ ұйымдарының төрағалары Қ.Сайранов пен В. Малаховты салтанатты түрде құттықтап, гүл шоқтарын табыс етті. Енді білім саласы қызметкерлерінің ғана емес бүкіл аудан тұрғындарының әлеуметтік жағдайының жақсаруына жанталаса үлес қосатын осындай азаматтардың қызметіне сәттілік тіледі.
Комитетте өткен 2015 жылдың жұмысы талқыланып, 2016 жылдың жұмыс жоспары тыңдалды. Мәлімдеменің жақсы және олқы тұстары аталып, аудандық білім қызметкерлерінің кәсіподақ ұйымдарының төрағалары арасында шынайы пікір алмасып, әр аудан өз бастамалары мен жетістіктерін ортаға шығарды. Жұмыс барысында кездесетін қиындықтарымен бөлісті.
Келесі кезекте тексеру комиссиясының есебі тыңдалды. Сонымен қатар жарыс сөзге шыққан аудандық кәсіподақ төрағалары Қ. Сайранов, В.Малахов, А. Мусина өз жұмыстарындағы жетістіктерін баяндады.
Комитеттің жаңа құрамына мүше болып сайланған ШҚМУ студенттерінің кәсіподақ комитетінің төрағасы Ж. Калимолдина әлеуметтік жағдайы төмен және мүгедек студенттердің атынан облыстық кәсіподақ ұйымына алғыс айтты. Облыстық ұйымның көмегімен бірқатар жағдайы төмен, мүгедек студенттер сауықтыру орталықтарына тегін жолдама алу мүмкіндігіне ие болғандығын және мүгедек студенттерге арналған пандус салынғандығын айтты.
Соңында облыстық ұйым төрағасы Н. Қасенова барлық аудандық төрағаларға ҚР жаңа Еңбек кодексін белсенділікпен түсіндіру жұмыстарын жалғастыруда, кәсіподақ мүшелерінің әлеуметтік кепілдіктерін толық көлемде орындалуын бақылауда ұстауға, сауықтыру жұмыстарын жақсартуда мол табыс тілеп, Комитет жұмысын аяқтады.
-
Фото
-