
Кәсіподақ және өмір
Көктемгі каникул кезіндеТалдықорған аумақтық кәсіподақ комитетіне қарасты Білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағы Сарқан аудандық комитеті құрамы техникалық қызметкерлерден, есепшілерден, тәрбиешілерден, мұғалімдерден тұратын 10 адамға "Ақжанел" демалыс орнына жолдама берді. Атап айтқанда гуманитарлық колледжден Галина Нефедова, "Құлыншақ", "Балдырған", "Ақбота" бала бақшаларынан Қымбат Қадырбаева, Жамалхан Қайымбасова, Гүлмира Тұрысбекова, Н.Островский атындағы мектеп-лицейден, Абай атындағы және №1 мектеп-гимназияларынан Асқар Омарбеков, Күлжан Асықпаева, Ольга Палухина, Ы.Алтынсарин атындағы, Ақын Сара атындағы және Новопокровка орта мектептерінен Сайрагүл Дюсембекова, Шолпан Елюбекова, Бижамал Жакенова Талдықорғандағы жаңа демалыс орнының ем-домын қабылдап, кәсіподақтың қамқорлығын сезінді. –Демалушылар бұл сапарға риза, - дейді кәсіподақ комитетінің маманы Сымбат Сулейменова. - Кәсіподақ тарапынан осындай игі үрдіс жалғасын табатын болады.
Білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағы Талдықорған
аумақтық ұйымыныңСарқан аудандық комитетімаманы
Сымбат Сулейменова