
Университет аруы-2016
Самарқанның көк тасы еритін күнгі ұлы мерекеге орай Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінде аяулы аруларымыздың арасында байқау өтті. Студенттер сарайында жастар ұйымдарымен және студенттермен жұмыс жасау бөлімі және кәсіподақ ұйымы ұйымдастыруымен «Университет аруы-2016» байқауы өз мәресіне жетті. Байқауға университетіміздің бағын сынауға 15 ару өзара сайысты.
Кештің алғашқы сөзі университет ректоры Кенжеғали Кенжебаевқа ұсынылды. Білім ордасынының басшысы қатысқалы тұрған жас аруларымызға құттықтау сөзімен қатар жемісті жеңіс тіледі.
Сайыс 6 кезеңнен тұрды. Алғашқы тур «Жарасқан әсем басқа, бөрік кәмшәт.Және де тұла бойға бүрме бұрым»-деген атпен, «Ұлттық нақышта орындалған заманауи киімде дефиле» болса, 2-ші турда – аруларымыздың интелектуалдық деңгейін бағаланды. 3-ші тур - «Қыз-еркем, өнерімен көркем» - деп аталды. Мұнда қыздарөз тұла бойындағы ерекше қабілеттерін, өнерін көрсетті.4-ші тур «Таң қалдырар би ырғағы»- деп аталды. Аруларымыз қосыла, біртұтас түрде би биледі. 5-ші тур «Балалық шағымның арманы».Бұл турда ару қыздарымыз өздерінің балалық шағында армандаған мамандығы туралы айтып берді. 6-шы соңғы турымыз: «Кешкі сән үлгісі» болып аяқталды.
Әдемінің әдемісін анықтау мақсатындағы қазылар алқасын төрайымы, университеттің тәрбие жұмысы және әлеуметтік-экономикалық мәселелер жөніндегі проректоры Миров Мұхтар Орынбасарұлы мен қатар университеттік кәсіподақ ұйымының басшысы Зарлықова Гүлнұр Мұхамбетжанқызы, «Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының Ақтөбе облыстық ұйымы» қоғамдық бірлестігінің төрайымыСерикова Раушан Сериковна, журналист, тележүргізушіҚонысбек Терекұлы, «Қазақ аруы -2015» байқауының 2-дәрежелі аруыӘшім Әлия, «Дрим Билдрс» білім беру орталығының директорыМақан Рүстем, «Университет аруы 2014» байқауының жеңімпазыМаратова Шынар, «Мисис Актобе-2016» жеңімпазы Муратова Мадина, ПроФотоСтудиясының фотографы Толебаев Ислам және «Брошь» мекемесінің өкілі құрады.
Сайыс өз талабына сай жоғары деңгейде өтті. Бар өнерін ортаға салып, мың бұрала билеп, сан алуан сұрақтарға сүрінбей жауап беріп, көрерменнің көңілінен шығуға тырысты. Байқау мәресінде бас жүлдені Айгерим Оралбаева жеңіп, «Университет аруы – 2016» атанды. I VICE MISS-Алия Нариманова мен II VICE MISS-Диана Алибай атақтарына иеленді.
Динара Кужахметова
-
Фото
-