
"Көктем аруы-2016"
“Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының Атырау облыстық ұйымының Индер аудандық комитеті” филиалы 8 наурыз - аналар мерекесіне орай білім қызметкерлері арасында "Көктем аруы - 2016" аудандық байқауын өткізді.
5 номинация бойынша өткен байқауға 17 бастауыш кәсіподақ ұйымынан арулар қатынасты.
Сонымен қатар байқауға қатынасушылардың қолдарынан жасаған бұйымдардан көрме ұйымдастырылды.
Байқау кешкі салтанатқа арналған сәнді киім үлгілерін көрсетумен аяқталды.
Байқау қорытындысы бойынша
Бас жүлдені Аудандық оқушылар шығармашылығы орталығынан қатынасқан қосымша білім беру педагогы - Ешибаева Аққу иеленді.
І - орынды аудандық өнер мектебінің мұғалімі - Патихова Айнара
ІІ - орынды Ш.Уәлиханов атындағы орта мектептің математика пәнінің мұғалімі - Аманғалиева Зухра жеңіп алса,
ІІІ - орынды С.Сейфуллин, М.Сиранов атындағы орта мектептердің мұғалімдері Оңдағанова Мөлдір мен Серғазиева Анар бөлісті.
Ынталандыру сыйлығы «Қызғалдақ» балабақшасының тәрбиешісі Ж.Даутова мен Махамбет атындағы орта мектептің қызметкері М.Құлжановаға табысталды.
Жүлделі орын алғандарға арнайы диплом мен бағалы сыйлықтар, ал барлық қатынасушыларға арнайы дайындалған сертификаттар мен гүл шоқтары тапсырылды.
-
Фото
-