Халықаралық әйелдер күніне арналған басқосу
Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының Қызылорда облыстық ұйымы және облыстық білім басқармасы 5 наурыз күні шуақты көктеммен қатар келіп, жан-жүректі жарықтандыратын 8 наурыз - Халықаралық Әйелдер күні мерекесіне арналған басқосу №4 облыстық дарынды балаларға арналған мектеп-интернатынада ұйымдастырды. Аталған іс-шараға 100 ден аса білім саласының қызметкерлері қатысты. Атап айтар болсақ: 80 жас, 75 жас, 70 жас мерейтой иелері, 2015-2016 жылы зейнетке шыққан басшылар және осы жылы жоғары жетістікке жеткен жоғары, орта және жалпы орта білім беру мекемелерінің оқытушылары мен мұғалімдері қатыстырылды.
Ұстаздық қызметте жас ұрпақты білім нәрімен сусындатып, егемен еліміздің ертеңгі болашағын тәрбиелеудегі еңбектерін құрметтеп марапаттау үшін облыс әкімінің орынбасары Р.Кенжеханұлы облыс әкімінің алғыс хатын табыстады.
Облыстық білім басқармасының басшысы Б.Сайлыбаев пен облыстық кәсіподақ комитетінің төрайымы Р.Байназарова келген қонақтарға көк желекті көктеммен бірге қуаныш сыйлай келетін арулар мерекесімен құттықтап, қызғалдақ гүлдерін және бағалы сыйлықтарын барлық қатысушыларға тапсырды.
Мерекелік концерт ұйымдастырылып, фуршеттік дастархан дайындалды. Білім басқармасының басшысы және аудандық кәсіподақ комитетінің төрағалары ұстаздарға ән шашуларын арнап, жиналған қонақтардың ықыласына бөленді.
-
Фото
-