Жаңа Еңбек Кодексі жүзеге асырылуда
Үстіміздегі жылдың 1 қаңтарынан бастап жаңа Еңбек Кодексінің қолданысқа енгенін баршамыз білеміз. Осыған орай Алматы облысы, Ескелді аудандық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподақ комитеті 2016 жылы наурыз айының 2-сінде кезекті отырысын өткізді. Жиналысқа 39 бастауыш кәсіподақ ұйымдарының төрағалары мен төрайымдары қатысты. Бұл жиында аудандық кәсіподақ комитетінің төрайымы Айтолқын Байзақова Еңбек Кодексіне енгізілген өзгерістермен таныстырды. Сонымен қатар жаңа ұжымдық шарт жасау, өндірістік кеңес құру, техникалық инспектордың және келісу комиссиясының жұмыстары туралы түсінік берді. Әр бастауыш кәсіподақ ұйымына талқыланған құжаттардың жобасы, ережелері таратылып және осы құжаттардың қолданысын жүзеге асыру үшін, сәуірдің 1-не дейін уақыт берілді.
Жылдық жоспар бойынша жиналыс 8 Наурыз қарсаңында өткендіктен, қатысушыларға мектеп оқушыларының мерекелік құттықтауы ұйымдастырылып, аудандық комитет тарапынан сыйлықтар берілді.
Аудандық кәсіподақ комитетінің есепші-маманы Г.Байсакова
-
Фото
-