Көктемгі мерекесі қарсаңында
Қазақстан Республикасында 2050 жылға дейін Стратегия қабылданған. Еліміздің Президенті Н.Ә.Назарбаев «Осындай жоспарлардың таңдалуы, балаларымыздың, жас ұрпақтың осы жұмыстың жемістерін көреді» - деп атап өткен болатын. Яғни, азаматтарымызға қамқорлық көрсету бойынша жоспарлы жұмыстар өткізіледі. Осындай маңызды үдеріске білім беру жүйесінде қызмет атқаратын әйелдер ерекше қатысады, олар балаларды тәрбиелеуге бар күштерін жұмсайды. Олардың нәзік иықтарына өздерінің балаларын өсіру және тәрбиелеу, сондай-ақ жас ұрпақты оқыту және тәрбиелеуге жүректерінің бөлігін беру сияқты екі ауыр жүк жүктеледі.
8 – Наурыз халықаралық әйелдер күні қарсаңында, салтанатты іс-шара аясында қайратты және адамгершілігі бар, сыпайы және нәзік, адал да, сүйкімді әйел-педагогтарын Ақмола облысы білім басқармасы және Астана қаласы және Ақмола облысы білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподағы білім беру саласында ерекшеленген қызметкерлерді құттықтады.
Аталған іс-шара 2016 жылғы 2 наурызда Көкшетау қаласындағы құрылыс-техникалық колледжінің ғимаратында өтті, оған білім беру ұйымдарының басшылары, мұғалімдері, оқытушылары мен өндірістік оқыту шеберлері қатысты.
Құттықтау сөзімен Ақмола облысы білім басқармасының басшысы Б.С.Ізбасарова және Астана қаласы және Ақмола облысы білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподағының төрағасы Б.Қ.Абдрахманов сөз сөйледі.
Осы жерде қазақ халқының салт-дәстүрлері туралы еске алмасқа болмайды, яғни қонақжайлылығын атап өтуге болады. Колледждің жайлы асханасында жайылған дастархан басында келген қонақтар Біржан сал атындағы мәдениет колледжі студенттерінің қонақтарға арнаған әндері мен өлеңдерін арнаған концерттік бағдарламасын тамашалады. Бұл мерекелік кездесуде қызықты конкурстар да өтті, онда әдемі сыйлықтар сыйға тартылды.
Осындай тамаша іс-шараға сүйіспеншілік және үлкен жауапкершілікпен қатысқан ұйымдастырушылар: Ақмола облысы білім басқармасы, Астана қаласы және Ақмола облысы білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподағы, № 1 ҚТК-нің ұжымы. Жұмыс бойынша әріптестерден қолдау және назарын алу бір ғанибет. Өкінішке орай, қатардағы қызметкер өзінің қиын да, күрделі еңбегі үшін алғыс ала бермейді. Көкшетау қаласындағы № 1 құрылыс-техникалық колледжінде осындай мерекелік іс-шараны өткізуге кәсіподақ өз үлесін қосты, ол үнемі әрбір қызметкерге қажетті кезінде қолдау көрсетеді.